Инструкция жарақаттар, сынықтар, күйіктер және келеңсіз жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша
Автор: Akram001 • Ноябрь 23, 2018 • Лекция • 4,537 Слов (19 Страниц) • 1,230 Просмотры
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН: Биология және биотехнология факультетінің деканы
___________проф. Шалахметова Т.М.
«__» _______________201_жыл
ИНСТРУКЦИЯ №8
жарақаттар, сынықтар, күйіктер және келеңсіз жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша
Алғашқы көмек – бұл, жарақаттанған адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға немесе жақсартуға бағытталған іс –шаралар жүйесі. Оның жарақаттанған адамның қасындағы адам (бір –біріне көмек) немесе жарақаттанған адамның өзі медициналық қызметкер келгенге дейін көрсетуі қажет. Алғышқы көмек қаншалықты жылдам әрі сапалы жасалғанынан жарақаттанған адамның өмірі және ереже бойынша келесі еміндегі жетістіктері тәуелді болады. Сондықтан әрбір адам алғашқы көмекті қалай жасауды білу керек және оны жарақаттанған адам мен өзіне жасай алуы қажет.
Түрлі жарақаттану жағдайларында алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу білімі мен қабілеті барлық адамға қажет, себебі бақытсыз жағдай кез –келген уақытта және кез –келген ортада - үйде, өндірісте, көшеде, физкультура және спортпен айналысу барысында болуы мүмкін. Кей жағдайларда алғашқы көмек тез арада көрсетілмесе жарақат алған адам оқиға орын алған жерде көз жұмуы мүмкін. Кейде дұрыс емес және епсіз көрсетілген алғашқы көмек, жарақаттанған адамның емделуін ұзаққа создыратын немесе тіптен жарым –жан болдыратын түрлі асқынуларға алып келуі мүмкін.
Табиғи апаттар кезінде, авариялар мен әскери келіспеушілік кезінде жарақаттану жаппай болады, сондықтан медициналық қызметкерлерден басқа алғашқы көмек көрсетуге халықты шақырады, оларға ең алдымен алғашқы медициналық көмекті көрсете білуі қажет.
Алғашқы медициналық көмекке қанның ағуын уақытша тоқтату, таңба қою, сынықтарду таңу, жасанды дем беру және өзге іс –шаралар жатады.
1.1 Қан ағуын тоқтатудың әдістері мен тәсілдері, жарақаттану кезінде таңба қоюдың ережелері
Адамда қан ағып жатқан жарақаттар болған жағдайда қанды барынша жылдам тоқтату маңызды. Оны ең жылдам қан ағып жатқан тамырды сүйекке саусақ арқылы басу арқылы жасауға болады.
Иық артериясынан қан аққанда мақтадан қатты керіліп жасалған білікшені қолтық асты ойысына басып тоқтатуға болады; аяқтың жараларынан - жамбас артериясын орта шап бүкпесіне басу жолымен. Қол мен аяқтардағы жарақаттардан үлкен артериальды қан ағу жарақаттың жоғарысына ширақ пен ширатылған жіпті таңу арқылы тоқтатылады. Ширақты (резинадан жасалған) таңу алдында оның астына материя, мақта немесе дәкеден жасалған жұмсақ төсеме қою қажет. Ширақты кішкене тартып қол -аяқ айналасына кең қысым көрсететін аймақ түзілуі үшін бір –біріне жалғап бірнеше орама жасайды; ширақ соңдарын ілмек жіне бау көмегімен байланыстырады немесе байлап қояды.
Ширақ болмаған жағдайда қода бар заттарды (арқан, орамал, бинт, шалбардың белбеуі) пайдалануға болады, олардың көмегімен ширақ таңылады. Ширақ жылдың жылы уақытысында 1,5-2 сағатқа, ал суық уақытта 1сағаттан артық уақыт қойылмайды, әтпесе қол –аяқтың өлуі мүмкін. Ширақты қою уақытысы байламаның өзінде (қаламсаппен, қаламмен) жазылады немесе қағазға жазылып, қағазды ширақ астына қояды. Қол -аяқтың жараларынан қанды тоқтатудыңөзге бір әдісі аяқ –қолды буындарда максимальды бүгу және оны осы қалыпты сақтап тұру болып табылады.
Кез –келген жара пайда болған қан ағудың себебінен ғана емес, оның микробтармен зақымдануы есебінен де қауіпті болуы мүмкін. Ожан сақтану үшін, оны қолмен ұстауға болмайды, терең енген сынықтарды (бөгде заттарды), оған жабысып қалған киімнің қалдықтарын шығаруға болмайды. Жараның үстіне әдетте стерильді бинт немесе дәкені қояды. Әреже бойынша бинттеуді солдан оңға қарай, әрбір келесі айналымды алдынға бинттің жарты көлемін жауып отырып, дененің жіңішке бөлігінен жуан бөлігіне қарай, яғни төменнен жоғары қарай жасайды.
...