Жасөспірімдердің конфликттік жағдайлардағы ұстамдылығын эксперименттік зерттеу
Автор: Kanatnazgul • Март 14, 2019 • Курсовая работа • 9,408 Слов (38 Страниц) • 1,176 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 3 |
I бөлім. Конфликттік жағдайлардағы ұстамдылық мәселесіне теориялық шолу | 6 |
| 6 |
| 15 |
1.3 Ұстамдылықтың психологиялық құраушылары | 20 |
А тұжырымы | 24 |
II бөлім. Жасөспірімдердің конфликттік жағдайлардағы ұстамдылығын эксперименттік зерттеу | 26 |
2.1 Жасөспірімдердің ұстамдылығын зерттеуді ұйымдастыру және зерттеу әдістемелерін негіздеу | 26 |
2.2 Зерттеуді жүргізу процедурасы | 29 |
2.3 Алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау | 35 |
Ә тұжырымы | 38 |
Қорытынды | 40 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 42 |
Қосымшалар |
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Жасөспірім кезеңі қай кезеңде болмасын ерекше зерттеуді қажет етеді. Осы жас кезіндегі олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере кетсек, өтпелі кезеңде балалар арасында көптеген қақтығыстар болып жатады. Ол тек жасөспірімдердің өзара емес, ересектер тарапынан да, педагогикалық қарым-қатынастарында да байқалып отырады. Дегенмен, кей кездері осы жастағы балалардың конфликт жағдайларындағы ұстамдылығы неге байланысты болатындығын зерттеу аса маңызды. Себебі жасөспірімдердің конфликт жағдайындағы ұстамдылық себебін анықтау арқылы олармен болашақта осы мәселеге байланысты психологиялық қызмет жүйесін ұйымдастыруға болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында Елбасы жастардың бизнестерін дамытып, аяққа нық тұруларына барлық жағдай жасалғанын атап өтеді [1]. Осы орайда жастардың бойында негізгі ұстамдылық қасиет маңызды роль атқарады.
Ересектер тарапынан конфликт жағдайларда ұстамдылықты олардың өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын саналы тұрғыда басқара алатынын ескерсек, жасөспірім жаста осы құбылыс психологиялық зерттеудің қажеттілігін тудырады.
Конфликт туралы жалпы түсінікті «конфликтология» сөзінің этимологиясы «шиеленістер туралы ғылым» ұсынады. Әдетте конфликт – бұл шиеленістердің пайда болу және даму туралы зандылықтар мен механизмдер туралы, оларды басқару принциптері және технологиялары туралы ілімдер жүйесі.
Кикілжің үнемі қарама-қайшы бағытталған себеп немесе пікірлердің негізінде туындайды. Мұндай пікір және себептер шиеленістің пайда болуының негізгі шарты болып табылады.
Бірқатар психологиялық әдебиеттер конфликт кезіндегі тұлғалардың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы туралы мәселелерді (Е.Н.Богданов, В.Г.Зазыкин, М.М.Кашапов, А.А.Кузина, Н.В.Куклева), «конфликт құзіреттілігі» (Л.А.Петровская, Б.И.Хасан, Г.Ю.Любимова), «конфликтік құзіреттілік» (Т.А.Баранова, А.Б.Немкова), «конфликт дайындығын» (Л.Б.Наумова, Е.П.Хорошилова) қарастырды. Жоғары оқу орындарындағы және жасөспірімдер арасындағы конфликт мәселелеріне тоқталған ғалымдар (О.Н.Гомыранова, Р.В.Куприянов, Г.В.Михайлова, Е.Е.Акимова, Л.С.Титкова), ал конфликтіні басқарудың концепциясын (В.И.Андреев, А.Я.Анцупов, Н.В.Гришина, А.В.Дмитриев, Д.К.Захаров, Н.И.Леонов, О.Г.Кузьмина, С.С.Узнадзе) т.б. ғалымдар зерттеген. Ал Қазақстандағы ғалымдардан жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтары туралы мәселені А.Т.Ақажанова қарастырған.
...