Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаһанданған замандағы адамзат маңызына айналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы ұсыныстар мен іс-әрекеттер

Автор:   •  Май 11, 2020  •  Курсовая работа  •  7,240 Слов (29 Страниц)  •  618 Просмотры

Страница 1 из 29

КІРІСПЕ

       Жеңіл өнеркәсіп - бұл көбінесе халықтың көптеп тұтынатын, яғни халықтың белгілі бір киімге, іш және сырт киімдік трикотаж, аяқ киім, тігін және «галантерея»  бұйымдарын өндіретін тауарларға деген мұқтаждығын қамтамасыз ететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) – материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізаты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Оның дамуы ауыр өнеркәсіпті аудандарда еңбек қорларын толығырақ пайдалануға, айтарлықтай минералдық және басқа табиғи қорлары жоқ жерлерде кәсіпорындар ашуға мүмкіндік береді. Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігінің мәні:  Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз екені мәлім. Бұл саланың өнімдеріне деген сұранысы – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс. Дүние жүзінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын елдердің басында: Үндістан, Қытай елдері тұр. Бұл елдердің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасы қандай шараларды жүзеге асыру керек және де қандайда бір белестерді бағындыру қажет деген ой кәсіпорындарда болмасын көкей тесті сұрақ екендегігі мәлім. Сондай-ақ қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп экономикада әлі күнге дейін шешімін таппаған салалардың бірі болып есептелінеді. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар. Олар: мақта, мата, тері, былғары болып табылады. 1 тонна жуылған жүн алу үшін 2 тонна жуылмаған жүн, ал 1 тонна мақта талшығын алу үшін 3 тоннадан астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады. Өткен жылы жеңіл кәсіпкерліктің жалпы өндірістегі көлемі 0,34% ға ғана өскен. 2019 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша елімізге шет мемлекеттен 144,3 млн. доллардың киімі әкелінген. Бұлардың ең көбі Қытай мен Түркиядан, Ресей мен Қырғызстаннан әкелінген. Бұл жерде айта кетерлігі, ҚР-сы 85 % дерлік шетел киімін тұтынады. Әр жаңа оқу жылы сайын Қазақстан құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын мектеп формасын сатып алады екен. Бұл формалардың 7% ғана отандық өнім болып табылады. Аталған мәселелерге байланысты өзектілік ретінде: шикізат көзерін пайдалана отыра ары қарай жеңіл өнеркәсіптің даму жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырамын.

 

           Курстық жұмыстың зерттелу барысында алға қойған мақсаттарының қатарына:

  • «Жеңіл өнеркәсіп» терминінің ерекшелігін қарастырып, «шикізат» сөзімен байланысын табу;
  • Жоспар мен әдістеме  түсінігінің кең мағыналығын зерттеу;
  • Тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету жолдарын анықтау;
  • Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму мәселелерін талдау қызметтері, оның шешу жолдары жатады.

          Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар, оларға: мақта, жүн, табиғи былғары жатады. Біздің еліміз үшін бұның маңызы зор, өйткені, адамдар суық қыс пен ыстық жазда жасанды теріден гөрі мақтадан тігілген киімдер мен былғары аяқ киімдерін киюді артық көреді. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Ел көбінесе Қазақстан шикізатынан жасалған шет елдің киімі мен аяқ киімін киеді. Менің де осы тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым – бәрінің көкейтесті сұрағына айналған өнеркәсіптің статистикалық деңгейін зерттеп, сол арқылы экономиканы дамытуға өз үлесімді қосу.

          Курстық жұмыстың міндеттерінің қатарына:

  • Берілген тақырыптың теориялық сипатын ашып, дәлелдемелерді қарастыру;
  • Жеңіл өнеркәсіп теориясының анықтамалық мәнін зерттеп, мысалдар келтіру;
  • Жалпы өнеркәсіпке және оның басты мәселелеріне  қатысты мәліметтерді зерттеп, дәйектер табу;
  • Шетелдік әдістерді пайдалана отыра зерттеу жұмыстарын жасау функциялары жатады.

        Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтап,  олардың өзектілігін тақырып ету маңызды. Берілген курс өзекті болып табылады, себебі тақырыптың терең білімі аталған мәселе бойынша  зерттеуде  көмекші құрал ретінде , яғни кез-келген жағдайда жеңіл өнеркәсіп пен оның бас жоспарын құрып, талдау жасауда көмегін тигізеді. Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі терминдер мен  оқиғалардағы құбылыстардың шынайы сипатын, мән-мазмұнын ашу болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп термині мен оған берілген анықтамалар, бөлінген түрлері мен жоспарына негізделген әдістемесі туралы жазылған курстық жұмыстың құрылымы негізінен үш бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.

...

Скачать:   txt (94.5 Kb)   pdf (436.1 Kb)   docx (857.1 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club