ҚР-дағы қор нарығының қалыптасуы
Автор: tuleutaev.eldos • Апрель 24, 2020 • Реферат • 2,524 Слов (11 Страниц) • 660 Просмотры
ҚР-дағы қор нарығының қалыптасуы
- ҚР-дағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу қор нарығын қалыптастырудың алғышарттары ретінде
- Бағалы қағаздар нарығының түрлері және функциялары
- Бағалы қағаздар нарығының құрылымдық сегменттері
- Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Жекешелендіру елде бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. 1991 жылы Қазақстан Республикасында әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік бойынша мемлекеттік комитетті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталмыш комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.
Қазақстан жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесіне ие. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «жекешелендіру туралы» заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер Кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитет және Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативті актілерді қамтиды.
ҚР-да Жекешелендіру бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:
- жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды сату;
- орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
- жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды жекешелендіру;
- ауыл шаруашылық салаларындағы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу секторындағы жекешелендіру.
Қазақстанда меншік реформасы үш негізгі кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтиды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден де көп ірі және шамамен 4000 шағын кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.
Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекешелендіріледі. Кіші жекешелендірудің аясында 11 мың объекті сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 жуық бөлігін құрайды, сондай-ақ, бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.
Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтиды. Жекешелендірудің принципі жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Бұл купондар, сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.
Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықтарды ішінара өтеу мақсатында
қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептеледі. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн.-нан да көп купон кітапшалары таратылады, мұнда халықтың шамамен 90%-і қамтылды.
Сызба былайша даярланды: инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру ссызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖЖҚ) ғана салынатын болды. ЖЖҚ, өз кезегінде, купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды.
Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Содан кейін 10%-ке дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖЖҚ үшін купондық аукцион арқылы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке максимум 39%-і қалуы тиіс.
...