Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның еңбек нарығының қазіргі жағдайы

Автор:   •  Апрель 8, 2018  •  Эссе  •  617 Слов (3 Страниц)  •  8,775 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақстанның еңбек нарығының қазіргі жағдайы

        Экономикалық дамудың нарықтық жүйесіне көшу кезінде шешімін таппай жүрген күрделі проблемалардың бірі еңбек нарығын қалыптастыру болып табылады.

        Еңбек нарығы – қызметкердің жұмыс күші тауар ретінде айналымға түсетін, яғни нарық заңына сәйкес, ең алдымен құн, сұраныс және ұсыныс заңдарына сәйкес сатылатын немесе сатып алынатын еңбек ресурстарын пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық түрі.

Еңбекке сұраныс – еңбек нарығында жұмыс күшінің жұмыспен қамтамасыз етілуі болып табылады, еңбек ұсынысы – еңбек нарығына мамандар дайындау, еңбекке сұраныс пен жұмысшы күші ұсынысының өзара қатынасы нақты экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайлар, жұмысшы күші құнының қозғалысы және халықтың тұтыну дәрежесі бойынша қалыптасып еңбек нарығы конъюнктурасын құрайды.

Экономикалық әдебиеттерде экономистер Қазақстанда еңбек нарығының қалыптасуының бірнеше кезеңдерін атап өткен. Ол 1990 жылдан 2008 жылға дейін таралған. Ең соңғы кезеңде нарықтық экономиканың тиісті жағдайына жауап беретін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді.

        ҚР экономикалық жағдайы, оның нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты.

Еңбек нарығын екі типке бөліп қарастырайық:

  1. Біріншісі, жұмыс күшінің аймағы жүзінде жылжуға бейімделген, яғни жұмыс орындарын жұмыскерлермен фирма арасында алмастыру жолымен толтырылады. Бұл нарықты сыртқы нарық дейміз;
  2. Екіншісі, жұмыскерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Оны ішкі нарық деп атаймыз.

Еңбек нарығы басқа ресурстар нарығына қарағанда тиімді, өйткені мұнда адамдардың қабілеттілігі тауар болып табылады. Осыдан жұмысшының еңбек ақысы еңбегін, жалақы мөлшерін, еңбек қатынастары жалғасады. Олай дегеніміз, еңбек нарығында жұмыскерлердің еңбекке деген қабілеттілігі мен қызметтері туралы ұғымдар кеңінен қолданылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан тұрғындарының экономикалық белсенділігі айтарлықтай жоғары. 2016 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 9 млн. адамды құрады, бұл соңғы бес жыл мерзімде 1,9% ұлғайғанын көрсетеді. Бірақта экономикалық белсенділік деңгейі 1,7%-ға біршама қысқарды.

        Халықтың экономикалық белсенді 8,6 млн. адамдар саны экономикалық қызметпен айналысушылар және 0,5 млн. адам – жұмыссыздар ретінде жіктелінеді. 2012 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 29,3 мың адамға қысқарды немесе 6,2% (1 кестеде қараңыз).

1 кесте. 2012-2016 жж. Жұмыс күшінің негізгі сипаттамасы

Жыл

Саны, млн. адам

Деңгейі, %

15 және одан жоғары жастағы халық

Жұмыс күші

Соның ішінде

Жұмыс күшіне жатпайтын адамдар

Жұмыс күшіне қатысушылар

Жұмыс істейтіндер

Жұмыссыздық

Жұмыспен қамтылған

Жұмыссыздар

2012

12,52

8,98

8,51

0,47

3,54

71,7

67,9

5,3

2013

12,61

9,04

8,57

0,47

3,57

71,7

68,0

5,2

2014

12,68

8,96

8,51

0,45

3,72

70,7

67,1

5,0

2015

12,76

9,07

8,62

0,45

3,68

71,1

67,6

5,0

2016

12,85

9,00

8,55

0,45

3,86

70,0

66,5

5,0

Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистикасы бойынша Комитетінің мәліметтеріне сәйкес құрылған

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (117.8 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club