Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары мен оның даму кезеңдері
Автор: 888885555 • Январь 10, 2019 • Дипломная работа • 17,021 Слов (69 Страниц) • 967 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Сақтандыру қызметі мен сақтандыру нарығының пайда болуы және оның қалыптасу кезеңдері..........................................................................................5
1.2 Сақтандыру нарығының ішкі және сыртқы ортасы, оның экономикалық маңызы..............................................................................................12
1.3 Сақтандыру түрлері және олардың сақтандыру операцияларын реттеудегі қаржылық ролі.........................................................................................15
2. РЕСПУБЛИКАДА САҚТАНДЫРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандырудың ұйымдастырылу ерекшеліктерін талдау..............................................................................................20
2.2 Сақтандыру операцияларының ағымдағы көрсеткіштерін талдау.......24
2.3 Республикада сақтандыру ұйымдарының қалыптасуы мен олардың атқаратын қызметін талдау.......................................................................................34
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы сақтандыру нарығын жетілдіру шаралары мен оның даму кезеңдері............................................................................................................41
3.2 Сақтандыру қызметін мемлекеттің реттеуі мен оның құқықтық базасын нығайту жолдары........................................................................................47
3.3 Болашақта әлеуметтік сақтандырудың дамыту жолдары.....................54
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ.............................................59
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: сақтандыру нарығы – бұл сатып алу-сату объектісі сондай-ақ сақтандыру қызметі көрсетілетін және онда сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын экономика қатынасының жүйесі. Сақтандыру нарығының объективті даму негізі – алдын-ала болжалмаған жағымсыз жағдайлар оқиғасында зардап шеккен шаруашылықтар мен азаматтарға ақшалай көмек көрсетуімен қалыпты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сондықтан да, «Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығын реттеу; концептуалды негізі» тақырыбында дипломдық жұмысты таңдауыма негіз болды.
Қазақстанда сақтандыру нарығын реттеу және оны нарық талаптарына сай дамыту қызметі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып табылады және оның республика экономикасына тигізетін әсері өте зор екендігі айқын. Сондықтан да, дипломдық жұмыста елімізде сақтандыру нарығын реттеу саласы және оның негізгі концептуалды бағыттары, сондай-ақ Үкіметтің жүргізіп отырған сақтандыру саясатының жетістіктері, сонымен қатар сақтандыру нарығын реформалаудың объективті қажеттілігі көрсетілген.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығын зерттей отырып, олардың жұмыс жасау ерекшеліктерін қарастыру және де сақтандыру нарығын реттеудің өзекті мәселелерін қарастырып, оларды шешу жолдарын іздестіру және оларды жүзеге асыру механизмдерін ғылыми тұрғыдан негіздеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесідей міндеттер қарастырылды:
- Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қалыптасуына және оның тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сақтандыру нарығының ішкі және сыртқы ортасының басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
- сақтандыру нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
- сақтандыру нарығын реттеуде және жетілдірудің концептуалды негізігі бағыттарын бағалауға сараптама жасау;
- республика экономикасын дамыту мақсатында сақтандыру нарығы механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
Жалпы, сақтандыру саласы Қазақстан Республикасындағы ең ірі бизнес түрі болып табылады. Осы бизнестің түрін одан әрі дамыту үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша республикада мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі бағыты қазіргі заманға тұрақты сақтандыру нарығын қалыптастыру. Ол мемлекеттік жеке азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақты қорғаушысы болуы, тиімді сақтандыру жүйесін құруы тиіс. Сонымен қатар ол мемлекеттік әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болуы керек.
...