Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ халқының қалыптасуы

Автор:   •  Март 4, 2018  •  Реферат  •  968 Слов (4 Страниц)  •  3,324 Просмотры

Страница 1 из 4

Жоспар:

  1. Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері.
  2. Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы.
  3. Қазақ хандығының құрылуы.

1.  Қазақ халқының этногенезі, кезеңдері. Қазақ халқының құрылуы халықтар қалыптасуының жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты жүзеге асты. Қазақ халқының қалыптасу үрдісінің ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған монғол ұлыстарының, Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдық қатынастардың баяу дамуы әсерін тигізді. Халықтың құрылуына XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында дәстүрлі шаруашылықтың қайта өрлеуі, көшпелі және отырықшы шаруашылықтардың өзара әсері, монғол үстемдігіне дейінгі және олардан кейінгі көптеген тайпалардың тілдерінің сабақтастығы ықпал етті. Қазақ халқының негізгі этникалық топтары мен этникалық аймағының XV ғ. 2-жартысы мен XVI ғ. мемлекет болып бірігуі халықтың шоғырлану үрдісінің аяқталуын тездетті. Нәтижесінде қыпшақ, өзбек, өзбек-қазақ, қазақ деген жиынтық этносаяси терминдердің ауысуы арқылы «қазақтар» деген этникалық атау орнықты.

«Қазақ» этнонимі туралы. «Қазақ» терминінің шығуы туралы көзқарастар ауқымы кең, ғылыми болжамдардан бастап қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. «Қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. ІХ-Х ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қоғамында «қазақ» атауы әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарды білдірді. Монғолдарға дейінгі уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы тұжырымдарды жасамаған жөн.

«Қазақ» — түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі – Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. ХоутсмНидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.

Бастапқыда «қазақ» сөзі өз халқынан, тайпасынан, өзінің заңды билеушісінен бөлініп кеткен кез-келген еркін адамды білдірді. Яғни, қазақ термині алғашқы кезде әлеуметтік мәнге ие болды. Мәселен, әр түрлі жерлерді кезіп, өзін-өзі асыраған кезбе – қазақ, алыс және қауіпті жолға серіктерсіз аттанған адам – қазақ, Бабырдың айтуы бойынша «жаудың малын батылдықпен айдап әкетуші» — бұл да қазақ.

Қазақтың тұрмысын белгілеу үшін парсы және түркі тілдеріндегі деректерде «қазақлық» — «еркіндік», «кезбелік» және «қазақламақ» — «еркін жүру», «кезу» деген сөздер қалыптасты.

Сондай-ақ, «қазақ» сөзі әр түрлі себептерге байланысты өз мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенділердің тобын білдіру үшін қолданылды. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібектіңбасшылығымен Әбілқайыр ханның мемлекетінен 1459-1460 жж. бөлініп кеткен көшпенділер дәл осындай топ болды.

Осылайша, егер Қазақ мемлекеті құрылғанға дейін «қазақ» сөзі әлеуметтік мағынаны білдірсе, енді ол саяси терминге – жеке хандықтың атауына, ал кейін, XV ғ. 2-жартысында этнонимға – қазақ халқының өзіндік атауына айналды. Зерттеуші В.П. Юдинніңпікірінше, саяси тұтастық ретінде «қазақ» терминімен біріккен өзбек тайпаларының тобы, біртіндеп шайбанилер мен маңғыттарды өзіне қосып алды. Яғни, «қазақ» термині бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына таралды.

 

2. Қазақ жүздері: пайда болуы және этникалық аумағы. XІV-XV ғғ. тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген мемлекеттер жүйесіне енуі салдарынан Қазақстан аумағында үш жүз құрылды. Қазақ жүздеріне енетін тайпалар бір-бірімен ортақ көшу бағыттарымен байланысты болды. Ұлы жүз Жетісудан Сырдарияға дейінгі жерлерде орналасты. Құрамы: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, шапырашты, жалайыр, т.б. тайпалар. Орта жүз Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарын мекендеді. Құрамы: қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ тайпалары. Кіші жүз Батыс Қазақстанды, Сырдария сағаларынан Арал теңізі, Каспий теңізі жағалауының солтүстігіндегі жерлерді мекендеді. Құрамы: алшын, адай, байбақты, жаппас, қарасақал, қаракесек, т.б. тайпалар. Жүздердің тарихын зерттеушілер – С.А. Аманжолов, Н.А. Аристов, Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, М. Вяткин, Т. Сұлтанов, Г. Волконский, т.б.

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (122.4 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club