Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тауарлар мен қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері

Автор:   •  Ноябрь 6, 2019  •  Реферат  •  1,586 Слов (7 Страниц)  •  2,220 Просмотры

Страница 1 из 7

Тауарлар мен қызмет көрсету мониторингі

Жоспар.

Кіріспе:

        Тауарлар мен қызмет көрсету нарығының ерекшеліктері.

Негізгі бөлім:

        1) Қызмет көрсету нарығының қалыптасу жағдайы және оның түрлері.

        2) Көрсетілетін қызмет пен тауардың ұқсастықтары мен айырмашылығы.

        3) Тауар айналым және тауар түрлері.

Қорытынды:

        Нарыққа анализ жасаудың тиімділігі.

Қызмет көрсету деп мақсаты халықтың, яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін, мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылатын қызмет түрі, әрі оның жүйесі. Қызмет көрсету саласының бірден бір ерекешілігі – материалдық сипатқа ие болмайды. Алайда, бұл қызмет түрі материалдық сипатқа ие болмасада экономика нарығындағы ең тез, әрі ауқымды дамып келе жатқан бөлігі. Сонымен қоса, қызмет көрсету нарыққа жұмысшылардың күш-жігерін қандай-да бір мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Қызметтер нарығы - бұл жеке тауарлар мен қызметтердің бірыңғай нарығынан бұрын бөлінген нарық түрлерінің бірі. Бұл нарықтың сату объектісі - ең қарапайым қызметтерден бастап ең күрделі қызметтерді қамтиды. Қызмет көрсету нарығы қызметтерге деген сұраныс пен ұсынысты өзара байланыстыратын жүйе ретінде әрекет етеді. Қызмет көрсетушілердің ұсынысы мен қызметтері және қызмет тұтынушылардың сұранысының өзара байланысы қызмет нарығының түсінігі.

Қызмет көрсету нарығы ең көне қызмет түрі. Мәселен, жалдамалы жұмыскерлер, бақсы балгерлер, аспаздар және т.б – ның қызмет көрсетуі көне заманнан бастап орын алып келеді. Ақша ұғымы пайда болғанға дейін айырбас сауда ғана орын алған болатын. Ал, ақша ұғымы пайда болған соң сатып алу-сату мен қатар қызмет көрсету түрлері де пайда болды.

Сондай-ақ қызмет көрсетудің мынандай салалары кездеседі:

1) Тұрмыстық қызмет көрсету – бұл күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктерді қанағаттандыру нәтижиесінде пайда болған қызмет көрсетушінің қызметінің нәтижиесі. Мәселен, тігін ательесі, сұлулық салондары, жиһаз жасау, химиялық тазалау және т.б. Қызмет көрсетудің бұл түрі ең ауқымды, қоғамдағы ең көптеп, ең жиі кездесетін түрі. АҚШ мемлекетінде күнделікті қызмет көрсету саласы қарқынды дамыған. Қызметтер негізінде америкалық “work and travel” бағдарламасы жарық көрген. Күндік еңбекақы бойынша күніне $9-$15 көлемінде, ал аптасына 35 сағат жұмыс жасаған уақытта $1415-$2360 көлемінде ақы ала алады.

2) Туристтік қызмет – туристтік салада көрсетілетін, сонымен қатар, экскурсиялық қызмет. Қазіргі таңда туристтік қызмет қарқынды дамып келе жатқан қызмет түрі. Жерорта теңізі бойында орналасқан елдерде, араб елдерінде бұл қызмет түрі өте жақсы дамыған, тіпті, кейбір елдерде экономика саласының негізі болып табылады. Туризм саласы біздің мемлекетте қарқын ала алмай жатқан салалардың бірі болып табылады. Испания, Ақш, Италия, Турция, Мексика елдері осы жылдың ең көп туристтер шоғырланған мемлекеттері болып саналады. Ең жоғарысы Испанияда- 82 млн-ға жуық болса, үздік бестікті жауып тұрған Мексикада – 39,3 млн-ға жуық  туристтер шоғырланған.

3) Заң қызметтері – бұл қызметтің түрлері қарапайым халыққа азаматтық қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәселен, адвокатура, нотариус, заң консультанттары секілді жұмыстар осы қызметтің бөліктері. Бұл қызмет салалары Германия, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерінде қарқынды дамыған. Себебі, осы мемлекеттерде заңның сақталуы қатаң қаралады.

4) Білім беру – бұл қызмет түріне балабақшалар, мектептер, жеке меншік мектептер, жоғары оқу орындары, кадрларды даярлау, тіл курстары жатады. Жапония, Ұлыбритания, Қытай мемлекеттерінде жақсы дамыған.

5) Медициналық қызмет көрсету – медициналық қызметтер халықтың денсаулығына негізделген. Яғни, дәріханалар, жеке меншік поликлиникалар, медпункттер, емхана мен ауруханалар жатады. Медициналық қызмет көрсету Израиль, Жапония, Германия мемлекеттерінде қатты дамыған.

6) Жолаушыларды тасымалдау – халықтың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигезетін, бір пункттен екінші пунктке жылдам жеткізетін қызмет түрі. Мысалы, қоғамдық көліктер, ұшақтар, метро, поездь жатады.  

7) Мәдени-ағартушылық қызмет – халықтың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында көрсетілетін қызмет. Бұл қызметке театрлар, кинотеатрлар, концерт, цирк, мұражайлардың қызметтері кіреді.

...

Скачать:   txt (21.8 Kb)   pdf (128.2 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club