Жылжымалы мүлік нарығының әдістемелік - теориялық негіздері
Автор: shakarim • Февраль 22, 2018 • Курсовая работа • 4,363 Слов (18 Страниц) • 1,284 Просмотры
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, қазіргі нарықтық экономикада және құқықтық мемлекетте бағалау қызметінің белсенді дамып жатқан ең маңызды институттарының бірі болуымен байланысты. Ол қоғамдағы қалыпты экономикалық тұрғындан қатынастарды құрастыру, сонымен бірге нысандардың цивилизациялы экономикалық айналымды қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады.
Қазақстанның автотранспорт кешенiнің активтерінде жылжымалы мүлік құралдары негiзгi құралдардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде олардың құнын бағалау үнемі артуда, өйткені елімізде адам басына шаққанда 100 тұрғынға келетін автомобиль санымен өлшенетін автомобильдендіру деңгейі тұрақты өсумен байланысты.
Жылжымалы мүлікті бағалаудың басқа нысандарға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.Осыған орай жылжымалы мүлікті бағалау мамандандырылынған және оқшау бағалау қызметінің түрі болып келеді. Бұл жағдай келесі себептермен негізделеді:
- жылжымалы мүлікті бағалау нысаны ретінде маңызды функционалдық, конструктивтiк айырмашылықтарға ие болады;
- жылжымалы мүліктер басқа бағалау нысандарынан ұйымдастыру, ақпараттық және әдiстемелiк аспектілермен ерекшеленеді;
- жылжымалы мүлік бойынша құқықтық нормалар ҚР-ның Азаматтық кодексiнде, ҚР-ның Кеден кодексiнде, ҚР-ның Қылмыстық кодексiнде және тағы басқа нормативтiк құқықтық акттілерге жеке топтарында ерекшеленген.
Қазіргі жағдайда көлік Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Республиканың қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыра отырып, көлік мемлекеттің аумақтық және әкімшілік тұтастығын қамтамасыз етуде.
Бірыңғай жылжымалы мүлік нарығын реттеуде, мемілекеттік көлік саясаттын іске асырудың ерекшеліктері мен міндеттерін шешу мынадай бағыттардан тұрады:
- елдің өңірлерін кеңістікте дамытудың перспективалы схемаларына сәйкес және халықтың орналасу тығыздығын ескере отырып, ауылдық елді мекендерді қоғамдық жолаушы көлігінің тұрақты тасымалдарымен қамтамасыз ету;
- жолаушылар мен жүктер тасымалдарының жаңа озық технологияларын енгізу, жолаушы тасымалдарының қолайлылығын арттыру және оларды жүзеге асыруға қойылатын нормативтік-техникалық талаптарды қатайту есебінен ұсынылатын көлік қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.
Халықаралық тасымалдарды дамыту саласындағы негізгі міндеттер:
- автомобиль көлігі саласында екі жақты халықаралық шарттар жасасу;
- халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру;
- автомобиль көлігі туралы ұлттық заңнаманы халықаралық нормаларға кезең-кезеңімен жақындату және үйлестіру;
- халықаралық көлік қызметі нарығында Қазақстандық көлік операторларының жұмысын дамыту мен нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін жағдайлар жасау;
- қосымша қызметтерді дамыту және олардың сапасын арттыру үшін автовокзалдар қауымдастығын құру;
- пайдаланушылар үшін халықаралық автобус рейстеріне билеттерді қашықтан резервтеу мен сатып алу мүмкіндігі бар ұлттық ақпараттық жүйе жасау болып табылады;
- халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының басым учаскелерін, сондай-ақ аудан орталықтарының облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар жолдармен көлік байланысын қамтамасыз ететін жергілікті маңызы бар (облыстық және аудандық) жолдар учаскелерін және қосымша инженерлік құрылыстардың техникалық жай-күйін қозғалыс қарқынының өсу перспективасын ескере отырып, нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келтірілген.
Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасында автотранспорттық құралдардың бағалау, оның ішінде ресейлік, батыс еуропалық және жапондық автоколік және құралдарды негізгі (салыстырмалы, табыстық, шығындық) тәсілдерімен бағалауын қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: теориялық негіздер мен тәжірибелерге сүйене отырып жылжымалы мүлікті бағалау.
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер кешені анықталды:
- жылжымалы мүлікті бағалау негізінде, бағалау түсініктерін, принциптерін оқып, өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
...