Саясаттану сабағында жаңа технологияларды қолдану
Автор: Toleu1985 • Февраль 22, 2018 • Доклад • 2,923 Слов (12 Страниц) • 1,017 Просмотры
Панияз Толеу
старший преподаватель, магистр политических наук
Какенов Мурат
старший преподаватель
Костанайский государственный университет им.А.Байтурсынова
Кафедра философии
Саясаттану сабақтарында жаңашыл педагогикалық технологияларды қолдану
Применение инновационных педагогических технологий
на уроках политологии
В данной статье мы предлагаем методику проведения практических занятий и применение технологии разноуровневого обучения на занятиях по дисциплине политология. Использование технологии разноуровневого обучения позволяет работать педагогу со студентами, имеющими разный уровень подготовки и разный уровень овладения программным материалом. И использование метода Кейс стади на уроках политологии, политической экспертизе.
ХХ-ХХІ ғасырлар дәстүрлі емес саясаттың субъектілерінің пайда болуымен әлемнің жаңа саяси бейнесінің таныстырылған қалыптасуымен ерекшеленеді. Стратегиялық тұрақсыздық, жанжалдық постмодернизм жоғары мектепте түбегейлі саясаттануды оқытудың жаңа әдістемелік тәсілдердін пайдалануды талап етеді. Педагогиканың классикалық әдістері олардың бір мәнді жүйесі әдістемелік тұрғыдан саяси мінез-құлықтың стандартты емес түрлерін түсіндіруде жеткіліксіз болып отыр.
Білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;
- білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі,
- білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы;
- білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы;
- жаңа білім технологияларының енгізілуі;
- оқытудың дәстүрлі тиімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру үлгісіне көшуі;
- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
- студент жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
- білім ұйымдарының студентті әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. Біз бүгінгі күні осындай әлемдік білім беру жүйесіне негізделген жаңа технологияның басым бағыттарын қарастырып, пайдалануға ұмтылып отырмыз.
«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді. 40-50-жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда, «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген. 50-60-жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шетелдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталады. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленеді. 60-жылдары оқытудға технологиялық тәсіл қалыптасады. Оның қалыптасуы американдық психолог Б.Скиннер негізін қалаған материалды меңгеруді ақпараттың бӛліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдылықтары туралы білімді жоғарланудан тұрады. 70-жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдары қолдану арқылы ақпаратты ӛңдеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады [1]. Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдерік деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Бұл ұғымға Б.Т.Лихачев, В.П. Беспалько, С.Сполдинг, В.В. Сериков, Н.Д.Хмель, В.В.Гузеев, Г.Т.Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген.
...