Адам құқығын қорғау мәселесін мемлекет және құқық негіздері сабағында оқыту әдістемесі
Автор: alua78 • Апрель 29, 2018 • Курсовая работа • 11,437 Слов (46 Страниц) • 1,043 Просмотры
ЖОСПАР:
Кіріспе.............................................................................................................3
І тарау. Бас бостандықтарынан айрылған адамдардың
құқықтық жағдайлары ...................................................................................7
1.1. Бас бостандықтарынан айрылғандар адамдар түсінігі,
сипаттамасы, негізгі міндеттері.....................................................................7
1.2.Бас бостандықтарынан айрылғандардың негізгі құқықтары
мен мәртебелерінің ерекшелігі....................................................................16
ІІ тарау. Бас бостандықтарынан айрылғандардың заңды мүдделері........25
2.1. Бас бостандығынан айрылғандардың жеке басы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету........................................................................25
2.2. Бас бостандығынан айрылғандардың халықаралық
шарттармен халықаралық стандарттарға негізделген
құқықтық жағдайлары.....................................................................................34
ІІІ тарау. Адам құқығын қорғау мәселесін мемлекет және
құқық негіздері сабағында оқыту әдістемесі................................................39
Қорытынды.......................................................................................................47
Әдебиеттер тізімі.............................................................................................49
Қосымшалар.....................................................................................................52
Кіріспе
Қазіргі кездегі егеменді Қазақстаннның құқықтық тәртібі қажетті дәрежеде еместігін атап кетуге болады. Қылмыстардың алдын алуға бағытталған шаралар, ұйымдастыру формалары ойдағыдай нәтежиелерге әкелген жоқ, мақсатқа орай және ретімен орындалмаған себебтерімен түсіндіріледі. Осыған орай елдегі криминалдық жағдай әлде қандай күрделі болып келеді, ол өз кезегінде қоғамда ертенгі күніне сенбеушілікке әкеліп соқтырады. Бірақ, елдегі криминалдық жағдайға қарамастан, құқыққорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдары, сонымен қоса соттың қылмыстыққа қарсы күрестерін жүргізу барысында - қылмыстан зардап шеккен және де қылмыс жасаған азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын қорғауға, заңдылықты сақтау және оны тікелей орындауға міндетті болып келеді. Соңғылардың санына жазаларын өтеп жатқан, бас бостандықтарынан айрылғандар қатысты болады. Олардың құқықтарын және заңды мүдделерінің заңдылық кепілдіктерін күшейту, қазіргі кезде мемлекеттік биліктің қылмыстылықпен күресуде қажеттілігі өте зор. Қылмыстық жаза азаматтың мәртебесін (жағдайын) күрт өзгеріске ұшарататын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып танылады. Жазаның түрі қандай да қатал болса да , бас бостандығынан айрылғанның белгілі бір дәрежедегі тәртібінің бостандығына ие бола алады. Ол сотталған кейінге дейін пайдаланып жүрген субъективті құқықтарымен заңды мүдделері. Аталған субъективті құқықтарымен мүдделерінен және де заңды міндеттерінен (кейбір кезде – тиымдарынан да) бас бостандықтарынан айрылғандардың құқықтық жағдайлары (мәртебесі) қалыптасады.
Бас бостандықтарынан айрылғандардың құқықтық жағдайлары, тағайындалған жазалар түрлері сияқты, әр түрлі болып келеді. Қоғамдық өмірден шектемейтін жазаның түрлері бар (мысалы, айыппұл, қызметінен босату, мүлкін тәркелеу). Олар адамның өмір сүруінің кейбір ғана салаларын қамтиды, яғни мүліктік немесе еңбек қатынастарын. Қатан шектеу құқығы арқылы азаматтың мәртебесін толық өзгеріске ұшарататын бас бостандығынан айыру жаза түрлері де кездеседі. Бас бостандығынан айрылғандардың мәртебесіне қылмыстық жазамен қоса басқа да факторлар әсер етеді. Сол факторлардың ішінде маңызды орын алатындар, адам құқығының сақталуына кепіл беретін халықаралық актілер және бас бостандығынан айрылғандармен жазаларын өтеп жатқандармен қатынастың өркениетті нормалардың жиынтығы. Осыған байланысты бітіру жұмысымның мақсаты анықталады.
...