Фразеологияны оқытуда когнитивті-коммуникативті әдіс-тәсілдерді қазақ тілі сабағында қолдану
Автор: Mereyeva25 • Ноябрь 13, 2023 • Реферат • 1,698 Слов (7 Страниц) • 151 Просмотры
Фразеологияны оқытуда когнитивті-коммуникативті әдіс-тәсілдерді қазақ тілі сабағында қолдану
СДУ 2-курс магистранты: Мереева Әйгерім
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Ордабекова Хафиза
АННОТАЦИЯ
Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивті-коммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
АННОТАЦИЯ
Статья направлена на определение когнитивно-коммуникативного подхода к обучению казахской фразеологической системе. Рассматриваются когнитивные характеристики казахской фразеологии, дающие определения о типологическом и лексико-семантическом характере, функционально-стилистической классификации и прагматическом характере фразеологизмов. В качестве итогов исследовательской работы предложена работа по анализу результатов опытно-экспериментальной работы по реализации когнитивно-коммуникативной модели обучения фразеологизму в школе, определяются эффективные пути решения поставленных задач. Когнитивное поле, которое берет свое начало из лингвистического поля языкознания, и использование когнитивного поля в изучении определенной темы, сегодня считается одним из творческих способов. В статье показаны эффективные результаты обучения теме фразеологии на казахском языке с использованием когнитивно-коммуникативных методов. Исследовательская работа может быть использована учителями казахского языка и литературы в качестве методического пособия.
ANNOTATION
The article is aimed at defining a cognitive-communicative approach to teaching the Kazakh phraseological system. The cognitive characteristics of Kazakh phraseology are considered, which give definitions of the typological and lexical-semantic character, functional-stylistic classification and pragmatic character of phraseological units. As the results of the research work, the work on the analysis of the results of experimental work on the implementation of a cognitive-communicative model of teaching phraseology at school is proposed, effective ways of solving the tasks are determined. The cognitive field, which originates from the linguistic field of linguistics, and the use of the cognitive field in the study of a particular topic, is today considered one of the creative ways. The article shows the effective results of teaching the topic of phraseology in the Kazakh language using cognitive-communicative methods. The research work can be used by teachers of the Kazakh language and literature as a teaching aid.
Кілт сөздер: когнитив, коммуникатив, оқыту, тіл, фразеологизм, методика, әдіс, тәсіл, оқушы, мұғалім.
Ключевые слова: познавательный, коммуникативный, обучение, язык, фразеология, методика, метод, метод, ученик, учитель.
Keywords: cognitive, communicative, learning, language, phraseology, methodology, method, method, student, teacher.
Тіл үйренудің (оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу) негізгі төрт сатысы бар. Бұлар бірнеше методтар, мысалы коммуникативтік метод (оқушыны сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға бағыттау, оқушылардың өз ойын қарапайым тілде жеткізе білуге үйрету, тақырыптық білімді меңгерту) болса [1, 6], проблемалық метод (әртүрлі проблемалық жағдайлар тудыру арқылы үйрету), интерактивтік метод (оқушының ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру), проект (жоба) методы (жобалау әдістері, постер қорғау), сұрақ-жауап методы, түсіндіру әдістері [1, 7] және ойын методтары арқылы түсіндіріледі.
...