Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

География сабағында сыни тұрғыдан ойлауға

Автор:   •  Январь 24, 2019  •  Доклад  •  2,083 Слов (9 Страниц)  •  1,285 Просмотры

Страница 1 из 9

География сабағында сыни тұрғыдан ойлауға

үйретудің тиімділігі

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Ұлы ағылшын ағартушысы – Уильям Уорд

Мусаева Гаухар

География пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту бағдарлама барысында екі мағынада қарастырылады. Бұл жерде бірінші оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту яғни осы екі үдерістердің дамуын қарастыратындығы, оқушыға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу (біртіндеп талдау) қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлылығы туралы ойлана білу, өзінің таңдауын жасау, басқалардың идеясына күмәнмен қарау қабілеті артатындығы, мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесінде, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтитынын ескере отырып осы модулды әр сабағымда қолдану арқылы оқушылардың ой пікірін ашық айтуға дағдыланып, сыни тұрғыдан ойлана алатындай нәтижеге жетіп отырдым.

Осы модулды қолдану алдымен өзімнің сыни ойлауымның қалыптасуына жақсы әсер етті. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулын мектептегі тәжірибе барысында әріптестермен кеңесу, сабақ өткізу тәжірибемде қолдандым. Осы модульдің көптеген артықшылықтарын өзім өткізген сабақтарымда байқадым оларға өз көзқарастары тұрғысынан қарайтын дәрежеге жете бастайды.

Оқытудың бұл модульін таңдаған себебім, курста білім алу барысында және тәжірибе барысында мені өте қызықтырды. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге,бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға, негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулиды .Оқытудың бұл модульін таңдаған себебім, курста білім алу және тәжірибе барысында мені өте қызықтырды. Бұл модульді география пәнін оқытуда қолдану өте тиімді. Несімен тиімді дер болсаңыз, сабақ құрылымын құру барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейді

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулын мектепте өткен тәжірибе кезінде география пәні бойынша 8 сыныпқа қолдандым. Бірінші сабағымның қызығушылықты ояту кезеңінде миға шабул әдісін оқушылардың сын тұрғысынан ойлануына ықпал жасау мақсатында ашық сұрақтар қою арқылы бастадым. Мысалы, табиғатта болатын апатты құбылыстарға қандай құбылыстар жатады? Сыныбымдағы дарынды оқушымның бірі Е (үнемі өз бетінше ізденіп келеді) «Табиғатта болатын апатты құбылыстарға дауыл, дауылды қарақұйын, құйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар көшкіні, құрғақшылық, т.б. жатады деп жауап берді. Бұған қарап мен оқушының сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап бергенін аңғардым. Өйткені, бұл жерде оқушы апатты құбылыстар дегенде өзінің бұрын алған білімін, теледидардан көргендерін есіне түсіру арқылы, естігендерін есіне түсіре отырып жауап берген.

Топтық әңгіме «Кубизм» әдісі бойынша жүргізілді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар төрт топқа бөлініп, мәтінмен жұмыс жасады.

1-топ. Апатты табиғат құбылыстарының шығу себептеріне талдау жасады.

2-топ Апатты табиғат құбылыстарымен күресу шараларын ұйымдастыру

...

Скачать:   txt (26.7 Kb)   pdf (61.5 Kb)   docx (17.6 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club