Биология сабақтарында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану жолдары
Автор: Alau Saparov • Август 15, 2018 • Курсовая работа • 7,354 Слов (30 Страниц) • 1,560 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................ 3
1 ҮЛЕСТІРМЕЛІ ДИДАКТИКАЛЫҚ МЕТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................5
- Оқу процесіндегі дидактиканың мәні және онын педагогикалык шарттары.............................................................................................................7
- Дидактикалық материалдарды қолдану арқылы оқытудың негізгі принциптері.........................................................................................................9
- Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану мүмкіндіктері.................
Бірінші бөлім бойынша қорытында.....................................................................16
2 БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҮЛЕСТІРМЕЛІ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Биология сабақтарында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану жолдары...................................................................................................
2.2 Сабақ үрдісінде үлестірмелі дидактикалық материалдар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру..........................................
Екінші бөлім бойынша қорытында.....................................................................16
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Кіріспе.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емесСабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланыстыәрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.
Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.
Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
1 ҮЛЕСТІРМЕЛІ ДИДАКТИКАЛЫҚ МЕТЕРИАЛДАРДЫ
ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
...