Тағамдық аурулар (токсикоинфекция)
Автор: akerkesakenkyzy • Ноябрь 26, 2018 • Лекция • 897 Слов (4 Страниц) • 1,440 Просмотры
Дәріс 6
Тақырыбы: Тағамдық аурулар (токсикоинфекция)
Сұрақтар:
1 Токсикоинфекцияның анықтамасы
2 Аурулардың анықтамасы
1 Токсикоинфекцияның анықтамасы
Тағамдық токсикоинфекция деп, патогендіқ және токсигендік микроорганизмдермен залалданған ет және ет өнімдерің (көпшілік жағдайда) жегеннен адамдардың ауруға шалдығуын айтады. Токсикоинфекция сальмонеллалар және анаэробтардан жиі болады.
Ішінде сальмонелла немесе анаэроб микрофлоралары бар ет және ет өнімдерің сырттай қарағанда ешқандай өзгерістер байқалмайды, бірақта зардапты микрофлоралардың және уыттарының адам денсаулығына зиян. Сальмонеллез токсикоинфекцияларының негізгі көзі сойыс малдары және құстар, сальмонеллезбен ауыратындары немесе сальмонелла организмде болғанымен, аурудың белгілерінің білінбеуі, бірақта бактерия сыртқы ортаға бөлінеді. Малдың сальмонеллезің бірінші және екінші деп ажыратады. Бірінші сальмонеллез деп сальмонеллез ауырған малдарды және құстарды айтады.
Бірінші сальмонеллезге биенің сальмонеллездік (паратифтік) іштастауы, қой, бұзау, шошқа паратифі, қарамалдың паратифтік энтериті, тауқтың сүзегі (тиф), балапанның ақ тышқағы (пуллороз), суда жүзетің құстардың паратифі жатады. Сойыс малдарының бірінші сальмонеллезінің азды-көпті клиникалық белгілері және патологиялық-анатомиялық өзгерістері болады. Сойғаннан кейін бұган нақты диагноз қойылмай және өнімдерді, Ветеринариялық заңның талаптарың ескермей, шектеусіз шығару токсикоинфекцияның негізгі көзі.
Екінші сальмонеллез дегеніміз әр-түрлі аурулармен ауырған малдарға қосалқы инфекция сальмонеллез қосылып ауруды асқындырады, мысалы шошқа обасында, мал қиналып туғанда, сүйек сынуы т.б. паратифті асқындырады. Екінші сальмонеллезге мал организмінде сояр алдында сальмонелланың жасырың түрде болуыда жатады.ұзақ айдаудан малдың организмінің нашарлауы, арықтауы немесе ауруы, жасырың жатқан микробтардың өсіп-өніп организмге тарауын жағдайлайды. Екінші сальмонеллезде токсикоинфекцияның негізгі көзі, ол лажсыздан сойылған мал. Л. С. Новикова және Д. М. Тетерниктің мәліметтері бойынша аурудың себебі анықталмаған (әлсіз,арық) малды лажсыздан сойғанда, тексерілген ұшаның 9,1% сальмонелла табылған.
И.В. Шур лажсыздан сойылған малдың еттерің тексергенде 23% сальмонелла және токсикоинфекцияның себепкерлері болмақшы шартты-зардапты микробтарды тапқан. Осыған орай сойыс малдың ветеринариялық тексеруден өткізу және ет пен ет өнімдерің ветеринариялық-санитариялық сараптау ережесіне сай, лажсыздан сойылған малдың ет және ет өнімдері міндетті түрде бактериологиялық зерттеуден өткізіледі.
Бұдан басқа осы ережеге сай етті бактериологиялық зерттеуден мына жағдайларда өткізеді:
- Септико-пиемиялық процеске және улануға күмәнданғанда;
- Ас-қазан жолдары ауруларында;
- Ауыр туыс, буындардың жіті ауруы, сондай ақ желін ауруларымен асқынған туу жолдарының аурулары;
- Дене температурасы көтерілген іріңді және шіріген жарада;
- Тірі кезінде белгісіз диагнозбен сойылған;
- Организмнің жалпы жағдайының бұзылуы (арықтау, дене температурасының төмендеуі)
- Сойылған кейін, ішін екі сағатқа кешіктіріп шығарғанда.
- Ұшаны органдарсыз қарап еттің тағамдыққа жарамдығына қортынды жасауға болмаса;
- Дені сау малдарды клиникалық тексеруден өткізгенде сальмонелла тобының микробтары бөлінетіні анықталса;
- Биопрепарат-продуцент малдарды сойғанда
- Нашар қансызданғанда.
Сальмонеллаға бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін:
- лимфа түйіндерің (жауырын алды және шап) айналасындағы май және дәнекер ұлпаларымен бірге;
- бүйрек, көкбауыр, бауырдың бөлігі лимфа түйіні және өт қалтасымен: ұзындығы 8-10см, фасциямен жабылған иілдіргіш немесе жазылдырғыш бұлшық еттері сирақтарының; жіліншік (шошқанікі).
Сынаманы стерилді пышақпен кеседі. Егерде зертхана қасапхананың жанында болса, сынаманы жалынмен аптайды немесе бір минөтке қайнаған чуға салады, әр сынаманы пергамент қағазына жеке-жеке орайды буып-түйеді шабармен зертханаға жібереді.
Сальмонелла табылған органдары және патологиялық-анатомиялық өзгерістер бар органдарды техникалық утильге жібереді.
Етінен және органдарынан сальмонеллез тобына жататың микробтар табылса ұшаны стерилдейді, ол үшін ет кесегінің қалындығы 8см асырмай 3 сағат бойы 1000С қайнатады немесе автоклавта қысымы 0,5 атм. 2,5 сағат пісіреді.
...