Сүттің сапасына, тағамдық құндылығына және технологиялық қасиетіне, ондағы антиобиотиктердің, ингибиторлардың, пестициттердің әсері
Автор: zhananaur • Апрель 27, 2018 • Курсовая работа • 9,646 Слов (39 Страниц) • 1,150 Просмотры
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринарялық санитария кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық–санитариялық сараптау»
Тақырыбы: Сүттің сапасына, тағамдық құндылығына және технологиялық қасиетіне, ондағы антиобиотиктердің, ингибиторлардың, пестициттердің әсері
Орындаған: Қоқанбай М.
Тексерген:Серикова А.Т
Топ студенті:BC - 505
Қолы: ___________ Қолы: ___________
Тапсырған күні: «____»___2018 Күні: «____»___2018
Бағасы: _______
Семей қаласы
2018 жыл
Жоспар:
- Кіріспе..................................................................................................... 2
- Сүт сапасының артуының, еркшелігінің тағамдық құндылықтарының артуының тарихы................................................................................... 4
- Әдебиетке шолу...................................................................................... 9
- Негізгі бөлім
- Антиобиотиктердің, ингибиторлардың, пестициттердің мәні мен маңызы, қасиеттері...................................................................................... 4
- Сүттің сапасына, тағамдық құндылығына және технологиялық қасиетінің антиобиотиктердің, ингибиторлардың, пестициттердің әсерінің ерекшеліктері ................................................................................ 9
- Өзіндік зерттеу
5.1 Сүттің сапасын анықтауға арналған зерттеу материалдары ........ 2
5.2. Зерттеу нәтижелерін талдау.............................................................. 3
- Қорытынды...............................................................................................
- Ұсыныстар.................................................................................................
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі .............................................................
- Кіріспе
Сүт – адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат.
Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады. [1]
Сүтте адамның қалыпты дамуына қажетті барлық дерлік витаминдер бар. Сүтте орта есеппен 0,025 мг А витамині және 0,015 мг каротин бар. Жылулық өңдегенде А витамині ыдырамайды. Жарықта сақтағанда оның 24% жоғалады. Сүтті жылулық өңдеу Е, Д, В2, В3, В6, РР витаминдеріне әсер етпейді. Шикі сүтте 1,5 мг С витамині бар. Сүтті пастерлегенде оның 10 – 30%- ы , сақтағанда- 45 – 75 % — ы , ал жарықта сақтағанда мүлдем жойылады. [ 2]
Сүтте аз мөлшерде биологиялық активті заттар – ферменттер, гормондар, простогландиндер, организмнің инфекциялық ауруларға қарсылығын арттыратын микробқа қарсы қасиеттері бар заттар (лизоцим, лакторферрин, иммуноглобулин) бар.Ферменттер биокатализатор ретінде асқорыту мен зат алмасуды жақсартады.
...