Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Автор: Shugl • Сентябрь 24, 2021 • Анализ учебного пособия • 44,585 Слов (179 Страниц) • 729 Просмотры
Ф.7.11-19
С.Ө. Карибаев
Ш.Б.Сембиева
[pic 1]
«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері»
пәнінің дәрістер жинағы
(барлық мамандық студенттері үшін)
[pic 2]
Шымкент – 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
С.Ө. КАРИБАЕВ
Ш.Б.СЕМБИЕВА
«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері»
пәнінің дәрістер жинағы
Барлық мамандық студенттері үшін
Оқу формасы: күндізгі, кешкі, сырттай оқыту
Шымкент – 2019
ОӘЖ 947.1(574)
ҚБЖ 63.3 (5 Қаз) 73
Құрастырған: С.Ө. Карибаев және Ш.Б.Сембиева – «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» пәнінің дәрістер жинағы.(барлық мамандық студенттері үшін). – Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2019. - 84 бет.
«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» пәнінен лекция сабағының әдістемелік ұсынысы жоғары оқу орындарының барлық бағыттағы бакалавриат студенттеріне арналған.
Ұсыныс оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалды.
Бұл әдістемелік ұсыныста бөлімдер мен тақырыптар тарихи-хронологиялық қағидаға негізделген және елімізде ежелден бүгінгі күнге дейінгі руханият саласында орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастырады.
Оқу бағдарламасына сай курс мазмұны екі модульдік жүйемен берілген.
Пікір жазғандар:
Жолдыбаев Ж.Т. - М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың доценті, т.ғ.к.
Байназарова Б.Ә. - «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы ТО және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, т.ғ.к.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде (хаттама № 1, 28.08. 2019 ж.) және «Педагогика және мәдениет» факультетінің әдістемелік кеңесінде (хаттама №1, 29.08. 2019 ж.) қаралған және баспаға ұсынылған.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік Кеңесімен баспадан шығаруға ұсынылған, хаттама №1, 29. 08.2019 ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2019
Шығаруға жауапты: Карибаев С.Ө., Сембиева Ш.Б.
АЛҒЫ СӨЗ
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасырдан асып барады. Осы уақыт аралығында еліміз әлемдік саясатта, экономикада, өзге де салаларда өзіндік орны мен айбынды күші бар мемлекетке айналды. Әлемге өзімізді танытып келеміз.
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алғалы үшінші жаңғыруды өткеру үстінде. Қазақстанның Бірінші жаңғыруы: 1991-1997 жылдарды қамиды. Бұл кезеңде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті әлем картасынан өз орнын алды. Екінші жаңғыру: 1997-2012 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданып және еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.Үшінші жаңғыру 2012 жылдан басталады. Қазіргі таңда Қазақстанның алдындағы бірден-бір мақсат- бәсекеге қабілетті, өркениетті отыз елдің қатарында болу. Асқаралы мақсатқа жету үшін «Нақты жүз қадам» Ұлттық жоспары қабылданып, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру барысында биыл саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алынды.
Алайда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», деп елдің жаңа форматта дамуында рухани жаңғыруды қолға алып, оны жүзеге асырудың кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігі баса айтылды. Өйткені, саясат, экономика және руханият ошақтың үш тағаны сияқты біртұтас әлем. Біз Тәуелсіздік кезеңінде руханият саласында бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттелді.
...