Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отандық конвергенттік журналистиканың сан қырлы сипаты: даму тенденциялары мен өзекті мәселелері

Автор:   •  Январь 16, 2018  •  Курсовая работа  •  34,254 Слов (138 Страниц)  •  1,749 Просмотры

Страница 1 из 138

Қазіргі конвергенттік журналистиканың кәсіби деңгейі мен даму тенденциялары"

Жоспар

Кіріспе

1. Конвергентті журналистиканың кешесі мен бүгіні: теориядан тәжірибеге дейін

1.1 "Конвергенция" ұғымы және оның қалыптасу тарихы

2.1 Конвергентті редакция және конвергентті журналист

2. Отандық конвергенттік журналистиканың сан қырлы сипаты: даму тенденциялары мен өзекті мәселелері

3.1 Еліміздегі медиахолдингтердің БАҚ жүйесіндегі алатын орны

3.2 Ұлттық конвергенттік журналистиканың әлемдік конвергенттік журналистикамен салыстырмалы сипаты

Қорытынды

Қосымша

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Аталмыш диссертациялық жұмыстың актуалдылығы ақпараттық кеңістіктің бүгінгі даму желісі мен ондағы болып жатқан ақпараттық және коммуникациялық технологиялар аясындағы жаңа жетістіктермен тікелей байланысты эволюциялық өзгерістер сипаттайды. Біздің өмір сүріп жатқан қоғамда адам прогресіне ақпараттың тигізетін әсері орасан. Бұл,өз кезегінде, ақпараттық ағымның жаңа фазасы болып саналады. Адамды өзгертер ақпарат әсері болса, ақпаратты трансформацияға ұшыратқан, сәйкесінше, адам. «Қалай?» деген сауал туындайды. Ақпараттық ағым көп болған сайын адамның қабылдауы соғұрлым өзгешелене түседі: адам таңдай, іріктей бастайды. Сәйкесінше, жаңа заман адамының қалауына сәйкес ақпаратты алу жылдамдығы, көлемі және сапасы өсіп, мұндай құбылыс әлеуметтік-экономикалық жүйелердің функциялауының тұрақты және нәтижелі факторына айналады.

Интернет және ұялы байланыс сияқты коммуникацияның жаңа арналарының пайда болуы жалпы қоғамға және әр азаматқа жекелей жаһандық телевизияға, радиохабарлауға, газеттердің ғаламдық торына, журналдарға және бүкіл ақпараттық агенттіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.

Конвергентті журналистиканың өзін, пайда болу тарихын, даму тенденциялары мен мәселелерін қазақ зерттеушілері де, шетелдік ғалымдарда біршама зерттеген (соңғылардың үлесі көбірек): А. И. Акопов, А. Р. Багаутдинов, П. Бредшоу, Е. Л. Вартанова, И. И. Засурский, Я. Н. Засурский, А. Г. Качкаева, Р. Кёрли, Л. А. Коханова, М. Купер, Д. Ллойд, Б. Лонга, Н. Г. Лосева, М. М. Лукина, Л. Майкл, А. Ю. Николайчук, М. Паркс, В. Портер, П. Райли, Д. Рэндалл, О. М. Силантьева, Р. Суро, С. Л. Уразова, М. Г. Филимонов және т.б.

Бұл авторлардың  жұмыстары медиаиндустриядағы конвергенция процесін зерттеудің негізін құрай отырып, маңызды болжамдар жасауға әсерін тигізетін бірден-бір ресурс болып табылады.

Зерттеу объектісі – ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың прогресімен өзгеріп, журналистік білімнің жаңа мақсаттарын құрып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет ететін/әрекеттесетін конвергентті ортасы.

Зерттеу пәні – Әлемдік және отандық медиасфераның негізгі даму тенденциясы ретінде БАҚ-тың конвергенциялануы барысында орын алып отырған заманауи журналистиканың трансформациясы.

Зерттеу болжамы – БАҚ конвергенциясы конвергентті журналистиканы феномен ретінде процесс етіп тудырып, қазіргі журналистік қызметтің жаңару-жандануының негізгі факторларына айнала отырып, жаңа өндірістік медиақұрылымдарды енгізу мен қалыптастыруды, сонымен қатар мультимедиалық азықтың инновациялық модельдерін шығаруды көздейді.

Аталмыш зерттеудің мақсаты:

1.        Электронды БАҚ-тың пайда болу және даму кезеңдерін жіті зерттеу;

2.        «Конвергенция» ұғымының мән-мағынасын түсініп алу;

3.        Ақпараттық кеңістіктегі конвергентті журналистиканың рөлін анықтау/сараптау;

4.        Қазақстандық телеарналардың, дәстүрлі медианың және ақпараттық порталдардың конвергенттік өзгешеліктерін зерттеу; Сондай-ақ, құрылымын, бағытын, аудиториясын, контентін анықтау;

5.        Заманауи журналистің ие болуы керекті қабілеттері турасында сарапшылардың пікірін білу; бүгінгі таңда әлемдік нарықта қандай жаңа мамандықтар пайда болғанын анықтау;

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Отандық БАҚ теориясында бұл медиаконвергенция процесін, сонымен бірге қазақстандық медиахолдингтерді алғашқы жүйелі зерттеулердің бірі болып табылады.

...

Скачать:   txt (506.7 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (167.4 Kb)  
Продолжить читать еще 137 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club