Философия және оның қоғамдағы рөлі, зерттейтін мәселелері
Автор: aruzhan.saifolla • Октябрь 29, 2018 • Реферат • 1,425 Слов (6 Страниц) • 4,795 Просмотры
Философия және оның қоғамдағы рөлі, зерттейтін мәселелері
1) Философия пәні. Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері, оның болмыстық, тұтастық, мағыналық жағынан сараптау
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Себебі, философия пәні – ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат пен қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсіндіреді. Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті:
Онтология – болмыс туралы ілім;
Гносеология – таным туралы ілім;
Аксиология – рухани құндылықтар туралы ілім ;
Праксиология – адам шығармашылығы туралы;
Антропология – адам туралы ілім;
Логика – дұрыс ой қорыту жөніндегі ілім
Философиялық таным– бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер. Философиялық дүниетаным жеке адамдар, топтар мен партиялар үшін, әлеуметтік т.б. өмір салаларында жолбасшылық, бағдарламалық міндет атқарады, қоғамның ілгері даму жолдарын негіздеудің теориялық астары да бола алады. Философиялық дүниетаным түрлерінің бастамасы ретінде алғашында материализм, діни дүниетаным ғылыми реакция ретінде пайда болды. Философия өзінің пайда болған кезінен бастап, альтернативтік және бір уақытта диалогтік көріністерді байқата алады. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы – болмыс. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол – болу.Ал мағыналық жағынан философия дүниетанымдық, теориялық, әдістемелік деп ажыратуға болады. Олар табиғатты, қоғамды, адам санасын тұтас бір құбылыс ретінде алып, бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды ашып, объективтік шындық жөнінде негізгі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Болып жатқан белгілі бір жағдайларды жаңаша танып байқау, белгілі тәртіпте ұғынуды ұсынады.Философияның тұтастығын қарастыратын негіз – білім. Білім – адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады.
2) Дүниеге көзқарас туралы түсінік және құрылымы. Дүние және адам.
Адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы да пайда болатыны білімге байланысты. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны , тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Оның шығуының қайнар көзі – өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «адам»
...