Қоғамдағы эмансипация мен феминизация мәселелері
Автор: abylaisharipbai • Ноябрь 21, 2018 • Реферат • 429 Слов (2 Страниц) • 1,450 Просмотры
Қоғамдағы эмансипация мен феминизация мәселелері
Ең алдымен «эмансипация дегеніміз не?» деген сұрақтарға анықтама беріп өткім келеді. Эмансипация – тәуелділіктен, бағыныштылықтан босату ұғымы. Эмансипацияның әр түрлі сипаты болады. Олар балалар эмансипациясы, әйелдер эмансипациясы. Осы тұста біз әйелдер эмансипациясына тоқталмақпыз. Әйелдер эмансипациясын ерлермен тец құқылы болу, олармен бірдей тең дәрежеде қызмет ету, еңбекақы табу мағынасында айтады. Яғни әйелдердің өз құқықтарының сақталуы ұшін күресуі. Әйелдер эмансипациясының тарихы XIX ғасырда Франццз революциясы кезеңінде басталған. Феминдер өздернінің құқықтарын талап етіп, көтеріліс жасаған. Әр түрлі жабық түрдегі дөңгелек үстелдерді өткізіп, ол жиналыстарда өздерінің жеке пікірі, жеке меншік ресурстарын іске асыру мәселелері жөнінде сөз қозғаған. Мемлекеттің тиым салуына байланысты әйелдер ерлердің киімін киіп алып ерлердің наразылығына қарамастан бас көтерді. Әйелдердің бұл істерінің тиым салынғанына қарамастан әйелдер өз дегеніне жетті. Осы сипат эмансипация ұғымын қалыатастырды.
Феминизация – қоғамда әйелдер рөлінің артуы. Феминизм ұғымы әйелдер теңдігі мәселесін қарастырады. Әлемнің барлық жерінде феминистік көзқарастағы топтар кездеседі. Феминистік көзқарастағы әйелдер қоғамдағы барлық салаларда орын алған. Негізінен феминизм дегеніміз – ер мен әйелдің тең құқықтылығы.
Феминизм Америка мен Францияда XVIII ғасырда бастау алған. Бастапқыда феминизмді қолдаушы әйелдердің мақсаты ерлеремен саясатта тең құқылы болып, еркін еңбек етуге қол жеткізу болды. Себебі оған дейін әйелдердің құқығы дұрыс сақталмай келген. Әйелдер соңғы орында немесе ешқандай орны жоқ тіршілік ретінде қарастырылып келген. Әйелдерге өте көп мүмкіншіліктерге тиым салынған. Әйел – ол тек отбасының үйдегі қызметшісі, бала күтушісі ретінде қоғам түсінігінде қатып қалған қағидамен өмір сүріп келген. Әлемде әйелдерге қатысты кемсітушіліктер, олардың пікірінің есепке алынбауы қоғамда феминизмнің қалыптасуына алып келді. Бірақ осы феминизм ұғымының өзін адамдар әртүрлі қабылдайды. Қазіргі заманға, қоғамға сай әйелдердің мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, әйелдер қалаған мамандығының иесі бола алады. Мүмкіншіліктері ер адамдардікімен бірдей. Қазіргі заман нарық заманы болғандықтан барлық нәрсе ақшамен өлшенеді. Сондықтанда болар кейбір әйелдер «мен кез келген еркектен артық ақша таба аламын, өз-өзімді ешкімге тәуелді болмай-ақ асырай аламын» деген пікірде болатыны. Американың билігінде бірнеше рет қатарынан билікке отырған «Темір әйел» атанған Маргарет Тетчер бір сөзінде: «Мен үйде қарапайым әйелмін, тіпті күйеуім қызметшінің қолынан емес менің қолымнан дайындалған асты жейді. Сондықтан үйде әйел екенімді ешқашан ұмытқан емеспін» депті. Осыған орай айта кететін бір мәселе, әйелдер өз отбасында өзінің әйел екендігін ұмытып, ерлермен бақталастықты бірінші орынға қойып кететін жағдайы бар. Бұл ой әйелдердің феминистік көзқарасының шарықтау шегі шығар деген пікірдемін.
...