Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі сыни ойлау
Автор: snurlanovna • Март 13, 2019 • Эссе • 548 Слов (3 Страниц) • 11,695 Просмотры
Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі сыни ойлау
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттер - негізінде қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан қарастыруға арналады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, әрі ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Егер, осы ретте қарастырлып отырған рухани сана мәселелерінің пайда болу себептері ретінде жаңа сыни ойлау мен қоғамдық санада әлі де болса орын алып отырған ескі стереотиптер арасындағы келіспеушілікті жою деп алып қарастырсақ, онда бірінші кезекте бізге ойлау жүйесін жаңғырту қажет. Себебі, өмір сүру үшін өзгере білуіміз керек.
Америкалық саясаттанушы Карл Дойч ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде «Жаңғырудың сыни мәселесі – бұл экономикадағы құрылымдық өзгерістер емес, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер» деген болатын. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана екені сөзсіз анық. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты. Аталған өзгерістердің өзекті бағыттары Елбасының мақаласында айқын баяндалып, ұсынылған. Сәселен, Махатма Ганди: «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгеріс бол» деген екен.
Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқталады: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы. Сананы жаңғырту арқылы әрбір қазақстандықты қазіргі жылдам өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті адам ретінде қалыптастыруға толық болады.
Кезіндегі «осылай ғасырлар бойы ата-бабамыз жасаған» деген аргумент бүгінгі күнде сәннен кеткен, олардың барлығын өзін-өзі тануға ұмтылған, ағылшынның көрнекті философы Бертран Рассел «интеллектуалды қоқыс» деп атаған. Рассел сыни ойлау маңыздылығы, зияткерлік сынау өнері тәрізді көптеген маңызды тақырыптарды зерттеген. Рассел адамдардың көпшілігі ойланғылары келмейді деп атап өтеді. Мәселен, Расселдің 10 өсиетінде, егер ойлау процесіне кедергі жасамаса, табыс сізге қамтамасыз етілетіні туралы айтылады. Егер, кез-келген адам оппозициялық пікірге тап болса, оны аргумент арқылы ғана жеңе алады деген құнды пікір ұсынады. Пассивті келісімде емес, ақылмен келіспеуден алатын әсерді іздеңіз дейді. Себебі, ақыл-ойды лайықты бағаласа, онда біріншісі екіншіге қарағанда терең келісімді білдіреді деп тұжырымдайды Рассел. Бейбітшілікті сақтау жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты, логик, әрі қоғам қайраткерінің ХХ ғасырдың басында айтқан осынау өсиеттері бүгінгі күні де өз құндылығын жоймаған. Себебі - Расселдің назары қарапайым логиканың және математика негіздерін зерттеудің сараптамалық мүмкіндіктеріне бағытталды.
...