Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР су көлігінің заманауи жағдайы мен өзекті мәселелері

Автор:   •  Январь 28, 2019  •  Реферат  •  2,563 Слов (11 Страниц)  •  2,224 Просмотры

Страница 1 из 11

ҚР су көлігінің заманауи жағдайы мен өзекті мәселелері

Жоспарда төмендегідей сұрақтарды  қарастырдық:

  1. ҚР су көлігінің сипаттамасы мен даму жағдайы.
  2. Жүк  пен жолаушы тасымалындағы су көлігінің көрсеткіштері.
  3. Қазақстан Республикасының су көлігінің басқарылуы
  4. ҚР су көлігін дамытатын бағдарламалар.

ҚР су көлігінің сипаттамасы мен даму жағдайы.

       Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі.Әлемде негізінен қолданылатын бес көлік түрінің ішінде  энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Автомобиль, поезд, ұшақ сияқты  жылдамдығы жоғары болмаса да,  ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды.  Су көлігінің даму тарихы халықаралық сауданы дамытумен тікелей байланысты.Су көлігі еліміздегі теміржол мен автомобиль жолдарының тығыздығы төмен солтүстік, шығыс аймақтарда аса үлкен маңызға ие көлік түрі. Республикамызда су көлігі Ресей мен Украинадағыдай рөл атқармайды, себебі су қатынасы бар ірі өзендер еліміздің шет аймақтарымен ағып өтеді.

Өзен көлігі

        Өзен көлігі – еліміздің ішкі байланыстары мен жақын шет елдермен байланысын қамтамасыз ететін көлік түрі.Қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы бар. Республиканың шығыс жақ шетін бойлап Ертіс өзені ағады, ол республиканың ең қуатты су артериясы, батыс жағын Жайық (Орал) өзені кесіп өтеді, ал Оңтүстікте Сырдария өзенінде, Балқаш көлі мен оған құятын Іле, Қаратал өзендерінде, Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ.Бұл жерден Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендердің тым әркелкі орналасқанын көреміз.

5635 км        Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы

1715 км -  Ертіс телімі бойынша;

1164 км  - Орал бойынша ;

880 км - Іле пайдалану телімі бойынша;

978 км - Балқаш бойынша;

840 км - Сырдария бойынша;

58 км - Есіл бойынша ;

          Еліміздің негізгі су артериясы - Солтүстік Мұзды мұхит алабына кіретін Обь өзенінің сол жақ саласы Ертіс.  Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстары арқылы ағып өтеді. .  Қазақстанның су кешеннің бөлігі болып табылатын Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен Бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабек, Ұлан сияқты салалары және Ресей аумағындағы Вагай, Конда, Омь, Тара, Демьянка секілді салалары бар.    Жалпы ұзындығы – 4248 км., оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2 .   Қытайдан Ресейге дейін ұзындығы – 1737 км.  Өзен бойында ұзындығы 552 км болатын Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі су қоймалары салынған.  Қара Ертістің Бұқтырмадан Зайсанға дейінгі тереңдігі 1м. Зайсан көлі Бұқтырма су қоймасымен Өскемен су қоймасына өтеді.  Өскемен су қоймасынан Өскемен портына дейін  тереңдігі 210 см.  Өскемен портынан Шүлбі су қоймасына дейін – 124 см.  Ертіс өзенінің көлікті маңызы зор, сағасынан 3784 км- ге дейін кеме қатынайды. Ертістің жоларшылау флотында «Ракета», «Метеор», «Белорусь» сияқты кемелер бар. Еліміз негізі кеме қатынасы дамыған Ертіс  цемент, орман, мұнай өнімдерін тасымалдап Ресейдің Омбы, Түмен облыстарымен байланысады.Ал ішкі республикалық қатынаста  Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын байланыстырады. .

Батыс Қазақстанда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары арқылы Орал өзені ағып өтеді. Бұл өзеннің кеме қатынастары балық өнімдерін тасымалдаумен тікелей байланысты.  Бұл аймақтағы Атырау қаласындағы ұзындығы 34,5 км. Болатын авто көпір  және 21,5 км- лік теңіз бөлігі жалпы ұзындығы 56 км болатын Орал – Каспий каналын (устьевой)  құрайды.

Оңтүстік – Шығыс аймақта  кеме қатынасының ұзындығы 350 км болатын Іле өзені өтеді. Бұл көлде Қапшағай су қоймасы орналасқан.  Балқаш көлнің кеме қатынасының ұзындығы 978 км.  Көлдің 506 км-і арнайы белгілермен жабдықталған, ал 300 км-і  трансопорттық кеме  қатынасымен және қалған бөлігі балық аулау кәсіпшілігімен  айналысады.

...

Скачать:   txt (33.9 Kb)   pdf (252 Kb)   docx (27.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club