Қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы «100 идея» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
Автор: Guljan1977 • Октябрь 12, 2018 • Реферат • 1,279 Слов (6 Страниц) • 1,228 Просмотры
Қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы «100 идея» бағдарламасын
жүзеге асыру бойынша
«Ел-шежіре» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «100 идея» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 2370966-ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша жасалған № 214 Шартына сәйкес келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген:
- Іс-шараның күнтізбелік жоспары;
- «100 идея» жалпыреспубликалық жобаның тұжырымдамасы;
- «Студенттердің 100 ең үздік иядеялары» республикалық конкурстың ережесі;
- Спикерлер мен сарапшылар тобы;
- Жоғарыда аталған Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында және іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2018 жылдың 5 қыркүйегінде мемлекет Басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін талқылау бойынша кеңейтілген сарапшылар отырысы өткізілді. Іс-шара Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамының, сарапшылардың, белгілі қоғам қайраткерле рінің, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен студенттік жастардың қатысуларымен өтті. Қатысушылардың жалпы саны – 50 адам. Іс-шараның модераторы ретінде саясаттанушы, қоғам қайраткері Кенжеболат Жолдыбай сөз сөйледі.
- Іс-шара Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратында «Отырар» кітапханасында өтті. 50 (елу) адамға арналған үй-жай техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Залда іс-шараның және тапсырыс берушінің атауы жазылған баннер орнатылған, сондай-ақ, қатысушыларға таратылатын материал ұсынылған (блокнот, қаламсап, іс-шараның бағдарламасы, қағаздарға арналған мұқаба, «100 идея» жобасының тұжырымдамасы және «студенттердің ең үздік 100 идеясы» конкурсының ережесі ручк»).
- Сараптамалық отырыс барысында «Ел-шежіре» ҚҚ «100 Идея» жобасының таныстырылымын өткізіп, инновациялық қызметті белсендетуге, жастардың қоғамдық мәні бар және тәжірибе барысында қолдануға тұрарлық инновациялық идеялары мен жобаларын айқындауға және жүзеге асыруға бағытталған «студенттердің ең үздік 100 идеясы» Республикалық конкурсының басталғандығы туралы жария етілді.
- Іс-шараның қорытындысы бойынша тапсырыс берушіге – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсыным ретінде берілетін сарапшылардың ұсыныстары мен ескертулері бойынша хаттама жасалды.
Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласын талқылау жөніндегі
САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 2018 жылғы 5 қыркүйек
Өткізу орны: Астана қ., Пушкина к., 11, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Отырар» кітапханасы
Өткізу уақыты: 10:00 – 12:00 сағ. (тіркеу 9:30 сағ.)
Модератор: Жолдыбай Кенжеболат Махмутұлы, саясатанушы, қоғам қайраткері.
Сөз сөйлеген сарапшылар:
Джумурбаев Тимур Габдулұлы, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының басшысының орынбасары – ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Джумурбаевқа
Атыбай Болат Кожанұлы, ҚР БҒМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Басқару кеңсесінің «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының менеджері
Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіні проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Кашкимбаев Амангельды Нуркейұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы;
Кайдарова Асем Серікқазықызы, «Жастар» Ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, саяси ғылымдар кандидаты;
Телебаев Газиз Турысбекұлы, Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының жетекші қызметкері, философия ғылымдарының докторы;
...