Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабылеттілікті арттыру

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Реферат  •  757 Слов (4 Страниц)  •  1,063 Просмотры

Страница 1 из 4

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам

СЕМИНАР

Тақырыбы: ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабылеттілікті арттыру.

Таяу жылдардағы міндеттер: латын әліпбиіне көшудің логикасы. «Жаңа гуманитарлық білім.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні. «Туған жер» бағдарламасын қолға алу мәселесі.

Орындаған:Қайрат Айтұмар

Тексерген:Ботабекова А

1.ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру

Ұлттық бәсекеге қабілеттілік] - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығы; мемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі.. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ойлаймын. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі ұлттық, әлеуметтік прогрестің басты үрдісі болып табылады. Жаңару жағдайында бұл үрдіс ғылыми-техникалык революция ықпалымен әрі қарай дами түспек. Кейінгі жылдары саясаттанушылар, социологтар, психологтар, философтар мен тарихшылар ықыласы аталмыш тақырыпқа арта түскенімен, оның көптеген қырлары зерттеуді қажет етеді. Қазақстан халқының ұлттық сана-сезімі — олардың ұлттық санасының өзегі мен негізгі құрамдас бөлігі. Ол — республиканың нақты халқын, оның өткенін, бүгінгісі мен болашағын, басқа халықтар арасындагы орны мен ролін өзіне арқау етіп алады. Мысалы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімінде негізінен оның өзге ұлттық қауымдастықтарға қатынасы «өзінікі» және «өзгенікі» дегеннің ортақтығы мен айырмашылығы сипатын түйсінуі болмақшы. Осыған байланысты оның ұлттық сана-сезімінде мәселенің дұрыс немесе теріс көрініс табуы да мүмкін. Сондықтан ұлтшылдық және шовинистік сезімдерден ада, шынайы интернационалистік сана-сезім ғана халықтың шынайы ұлттық мүддесін бейнелей алады.

  1. Таяу жылдардағы міндеттер: латын әліпбиіне көшудің логикасы. "Жаңа гуманитарлық білім.

Латын әліпбиіне көшу - ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамның бірі. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (69.2 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club