Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным

Автор:   •  Сентябрь 20, 2022  •  Эссе  •  285 Слов (2 Страниц)  •  428 Просмотры

Страница 1 из 2

Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным

Бүгінгі таңда әлем елдері үшін өз ұлттық кодының маңыздылығы мен құндылығын түсіну ерекше маңызға ие. Қазақстан үшін ұлттық кодты, ұлттық бірегейлікті сақтау да қазір қоғамның жаңғырту мүмкіндіктері аясында жүзеге асуда. Білімге деген құлшыныс, үлкенге құрмет, үздік халық дәстүрлерін сақтау, туған жерге деген махаббат, достық, бауырластық және өзара сыйластық, ашықтық және өзін-өзі жетілдіруге әзірлік - біздің қазіргі заманғы қазақстандық бірегейлігіміз негізделуге тиіс құндылықтар.

Қазақстан Ресубликасының алғашқы Президенті өзінің Жолдауында ұлттық код пен дүниетанымымыз туралы ойлануға шақырады. Ол қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақалада былай дейді: «XXI ғасырда халықтың ұлттық сана-сезімін дамыту бірінші орынға шығады». «Бүкіл әлем өзін-өзі сәйкестендіру мәселелерін қозғаған кезде, біз өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Біз ұлттық менталитетіміздегі ең бастысы мен ең жақсысын сақтай отырып, ұлттық сана – сезімнің шекарасын кеңейтуіміз қажет», - деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақ халқының дүниетанымы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенімдерге негізделген. Баланың шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап қартайған шағына дейін рухани, мәдени, адами шарттар мен тәлімге бағытталған ұлттық жүйелер кешені бар. Осы тұста қоғамдық сананың жаңғыруы дегеніміз де – заманауи білім мен ғылымға, техника мен ақпарат айдынына, жаңашылдыққа, әлемнің озық елдерінің тәжірбиесін алуға ұлттық код пен менталдылықты, сана-сезім мен дүниетанымды сақтай отырып қол жеткізу деп түсінуге болады.

Ата-бабамыз сүйегін қазық қып қағып, қанымен шекара сызған ұлан байтақ жеріміз, әуезді де әдемі ана тіліміз, саф алтындай таза мәдени және рухани мұрамыз бізге аса қымбат. Олардан қол үзу – өткен тарих пен бабалар аманатына деген құрметсіздік деп білемін.

Біз, жалынды жастар, Қазақстан Республикасының жарқын болашағы мен кемел келешегіне ақ шұға үмітпен, зор сеніммен қарауымыз қажет. Сондай-ақ, ел мүддесі үшін білім алып, қызмет етуден шаршамағынымз жөн. Себебі, жас ұрпаққа артылған сенімнің жүгі ауыр. Біз ұлттық құндылықтарын дәріптей жүріп, әлем аренасында үздік жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде танылуымыз керек деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (53.5 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club