Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қиын жағдайларда қиын адамдармен жұмыс

Автор:   •  Сентябрь 27, 2022  •  Реферат  •  1,309 Слов (6 Страниц)  •  287 Просмотры

Страница 1 из 6

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

МӨЖ

Тақырыбы: Қиын жағдайларда  қиын адамдармен жұмыс

Орындаған: 7М05316-Теориялық ядролық физика (МИФИ)

Ағыл-Мұсапар О.Ү.

Тексерген: Тленчиева Н.С.

Алматы, 2022 жыл


Кіріспе

Адам - қоғамдық болмыс. Адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері қоғамда әрекет етуі барысында көрінеді. Әрқайсысымыз қарым-қатынасты қажет етеміз. Сондықтан қарам-қатынастың құрылымы мен мазмұны бізді қызықтырады. Мінез-құлық ережелерін сақтау және ізгі ниетімізді білдіру арқылы салауатты орта құрамыз.

Қиын адамдармен жұмыс жасау барлық ұжымның өзекті мәселесі. Өйткені ұжымда қалыпты әлеуметтік-психологиялық климатты құру және сақтау кез - келген көшбасшының жетістігінің кепілі болып табылады. "Адамдармен тіл табыса білу" - бұл тек ғылым мен өнер ғана емес, бұл  қажеттілік.

Көбіне өмірімізде қарым-қатынас жасауы қиын, қатал адамдар жиі кездеседі. Қаншалықты күш салғанымен, олар әрқашан жағымсыз эмоциялар шығарып отырады. Әрқашан мәселені шешу жолында тұрып алатын немесе сізге кедергі болатын адамдармен қалай жұмыс жасау керек?.

Осы сұраққа жауап ретінде ғалымдар қиын адамдармен жұмыс жасудың арнайы тәсілдерін ұсынды. Сондықтан теоретиктер мен практиктердің қиын адамдармен жұмыс жасау мәселелері бойынша зерттеулерін қарастырамыз.  Өйткені, қарым-қатынаста әртүрлі кедергілерді шебер жеңе алатын адам ғана бақытты болады.

Қиын адамдарға кімдер жатады?

Әрбір адам өмірлік тәжірибесіне және жеке қасиеттеріне байланысты қиын адамдар қатарына жатқызуға болады. Бірақ мұндай жіктеудің нақты жағдайларынан басқа, өз кәсіби мүдделеріне байланысты әртүрлі адамдармен кездесетін қиын деп танылған адамдар бар. Олар: консультанттар, дәрігерлер, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер және т.б. Мұндай адамдарды жіктей алу, олармен қарым-қатынас жасауды жеңілдетеді.

Психолог-ғалымдар мен менеджерлер (Роберт М. Бремсон, Георг Г., Джини Грехем Скотт, Дж. Кеннет Матейко, Ричард Дж. Дансинг, Маек Вудкок, Дэйв Фрэнсис, Эверетт Шостром, Эрик Берн және т. б.) еңбектерін жалпылай келе келесідей қиын мінезді адамдардың түрлерін ажыратуға болады:

Агрессивті адамдар үш топқа жіктеледі: "танктер", "снайперлер", "жарылғыштар". Мұндай адамдарға басқаларды ренжіткіш, ақылға қонымсыз сөздер айтатын және оларды тыңдамаса тез ашуға булығатын адамдар жатады.

Шағымданушылар - әрқашан бірнәрсеге шағым айтатындар. Олар өздері мәселені шешуге тырыспайды және ол мәселені шешуге қабілетім жетпейді деп ойлайды немесе жауапкершілік алғысы келмейді.

Үнсіздер - әрқашан сабырлы және аз сөйлейтіндер. Оларға қарап отырып не ойлап отырғанын білу мүмкін емес.

Мәңгілік пессимистер әрқашан сәтсіздікті болжайды. Мұндай адамдар әрқашан "жоқ" деп айтуға тырысады немесе "иә"деп үнемі мазасызданып тұрады.

Білгішбектер - өздерін барлығынан жоғары санайтындар. Өйткені олар әлемдегі барлық нәрсені білемін деп ойлайды. Сонымен бірге олар басқалардың осы "артықшылықтары" туралы білгенін қалайды. Олар көбінесе қателеседі, өйткені олар тек  білімді адам рөлін атқарады.

Шешім қабылдауы қиын адамдар - шешім қабылдауға батылы жетпейтін адамдар, өйткені олар қателесуден қорқады. Олар бұл шешім оларсыз қабылданғанға дейін немесе шешім қабылдау қажеттілігі жойылғанға дейін кешіктіруге тырысады.

Максималистер - оларға қажеттілік тумаса да барлығын қалап тұрады.

Жасырын адамдар - бұл адамдар барлығын ішінде сақтайды, реніштері туралы айтпайды. Бірақ барлығы дұрыс деп ойлаған кезде олар сізге шабуыл жасайды. Олар бір өтірік артынан мың өтірік айтады. Соңында не нәрсе шын екенін не нәрсе өтірік екенін ажырата алмай қаласыз.

...

Скачать:   txt (18.9 Kb)   pdf (155 Kb)   docx (60.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club