Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қабаттаздың жайғасуы. Кен компасымен жұмыс

Автор:   •  Октябрь 23, 2018  •  Реферат  •  2,342 Слов (10 Страниц)  •  1,234 Просмотры

Страница 1 из 10

12-лабораториялық жұмыс

ҚАБАТТАРДЫҢ ЖАЙҒАСУЫ. КЕН КОМПАСЫМЕН ЖҰМЫС

Жұмыстың мақсаты: қабат және оның жайғасу жағдайлары туралы түсінік беру. Қабаттың жатыс элементтерін анықтау үшін кен компасымен жұмыс жасауды үйрену.

Қабат – қабатталудың жоғарғы және төменгі беттерімен шектелген әрі біршама біркелкі бастапқы шөгінді (немесе таужыныс). Қабаттар бір-бірінен құрамы, түсі, құрылымы және бітімі бойынша ажыратылады. Шөгінді пайдалы қазба денелері де қабат деп аталады. Мысалы, көмір қабаты. Қабаттар қатқабатындағы әрбір қабат жоғарғы және төменгі көршілес қабаттардан қабатталу беті арқылы бөлектенген. Қабаттың жоғарғы қабатталу беті қабат жабыны, ал төменгі жағы – табаны деп аталады. Қабаттың жабыны мен табаны арасындағы ара қашықтық оның қалыңдығы деп аталады. (1-сурет).

[pic 1] [pic 2]

1-сурет. Қабаттың шынайы (h) және көрінетін (h1) қалыңдығы

Таужыныстардың жайғасуы. Шөгінді таужыныстардың жайғасуы деп олардың кеңістікте орналасуын, яғни әлем жақтарына және көлбеу жазықтыққа қатысты, сонымен қатар олардың айналасындағы таужыныстарымен өзара байланысын көрсетеді. Таужыныстардың жайғасуы екі түрге бөлінеді: қалыпты немесе бастапқы (бүлінбеген) және бейқалыпты немесе туынды (бүлінген), ал екі немесе бірнеше таужыныс жиынтықтарының өзара орналасуы бойынша үйлесімді және үйлесімсіз жатыс түрлері бөлінеді.

Таужыныстардың қалыпты жайғасуы қабаттар еңістік бұрышының мәні 1–20-тан аспайтын көлбеу орналасуымен сипатталады.

Туынды жайғасулар. Таужыныстарының бастапқы көлбеу жайғасуы тектоникалық процестер әрекетінен, яғни жер қыртысында таужыныстар түзілгеннен кейін орын алған тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде деформацияланады – еңіс жағдайға ауысады, қатпарларға мыжылады, жарылымдарға ұшырайды, т.б. Жер қыртысында қабаттар қатпарланып сырғиды, созылады, не қатты таужыныстарда жарылымдар пайда болып бұзылады. Бұл бұзылыстардың өлшемі әртүрлі: өте ұсақтан (кристалдарда) біздің ғаламның бетінде мыңдаған километрге созылған ірі жарылымдарға дейінгі шамада кездеседі.

Жұсмақ әрі иленгіш таужыныс қабаттары тектоникалық жаншылу әсерінен толқындана иіледі – қатпарлар түзіледі. Иленгіш деформация нәтижесінде табиғатта екі негізгі қатпар типі жаралады: антиклин және синклин.

Антиклин қатпарларда қабаттар дөңес иілсе, ал синклин қатпарларда олардың иілімі төмен қарай (ойыс) бағытталған (2-сурет).

[pic 3]

2-сурет. Синклин (ортасында) және антиклин (екі жағында) қатпарлар

Қабаттар тұтастығының бұзылуы олардың блоктарының әртүрлі жылыстауына әкеліп, жарылымдар пайда болады. Олар лықсыма, қаусырма, ығыспа және бастырма деп аталады (3-сурет).

3-сурет. Ығысқан жарылымдар: а – лықсыма; б – қаусырма; в – бастырма; [pic 4]

г – грабен; д – горст

Қабаттың жайғасу элементтері. Таужыныстардың кеңістіктегі жағдайы олардың жайғасу элементтерімен сипатталады, олар кен компасы көмегімен өлшенеді. Таужыныстарының жатысы қабаттың көлбеу жазықтыққа қатысты созылуы, еңістігі және еңістік (құлау) бұрышымен сипатталады (4-сурет).

[pic 5]

4-сурет. Қабаттың жайғасу элементтері: созылымы, құлауы (еңістігі) және құлау (еңістік) бұрышы

Қабаттың созылу сызығы (созылымы) – қабаттылық жазықтығындағы кез-келген көлбеу сызық. Созылу бағытының орналасуы созылу азимутымен анықталады, яғни осы сызық пен көлбеу жазықтықтағы магниттік меридиан сызығы аралығындағы бұрыш. Созылу азимутының мәні 0-ден 360о-қа дейін өзгереді.

...

Скачать:   txt (36.1 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (3 Mb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club