Бейбіт және әскери уақыттың төтенше жағдайда экономика объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығы
Автор: wingis___96 • Сентябрь 18, 2018 • Реферат • 3,255 Слов (14 Страниц) • 1,794 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттың төтенше жағдайда экономика объектілерінің жұмыс істеуінің тұрақтылығы
Орындаған: Қонарбай Ш.Н.
Тобы: 103 ФК «А»
Қабылдаған:Турманова Ж.О.
Шымкент 2015 ж.
Қысқартылған сөздер:
ТЖ – Төтенше жағдай
АҚ – Азаматтық қорғау
РҚО - Радиациядан қорғау орындары
УЗ – Улы заттар
ҚӘУЗ - Қатты әсер ететін улы заттар
ЖТП - Жылдам тұрғызылатын панаханалар
т.б. – тағы басқа
ҚР – Қазақстан Республикасы
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Бейбіт уақытындағы тұрақтылық
2. Соғыс уақытындағы тұрақтылық
3.ТЖ ұйымдары жұмысының тұрақтылығы
4. Жұмысшылардың сенімділігін арттыру тәсілдері
4.1 Салалар мен ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру
4.2. Объект жұмысының тұрақтылығын жоғарылатуының жолдары мен әдістері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе
ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз етумен қатар, бейбіт және соғыс уақытындағы шаруашылық нысандар жұмысының тұрақтылығын арттыру негізгі міндеттің бірі екендігі белгілі. Соңғы жылдары экологияны қамсыздандырумен қатар әлемнің көптеген елдерінде әр түрлі апаттар мен катастрофалардың зардаптарын тиімді жоюға бағытталған жұмыстармен қатар,апат пен зілзалалар әсер еткендегі жұмыс істеп тұрған шаруашылық нысандардың сенімділігін арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарыла бастады.
Бұл жұмыс 16 беттен, 3 пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
ІІ Негізгі бөлім
1. Бейбіт уақытындағы тұрақтылық.
Нысан зақымдалуының дәрежесі мен сипаты жер сілкінісі мен дауылдың күшіне; жер сілкінісінің түріне (жер асты, су асты); нысанның жер сілкінісі эпицентрінен ара қашықтығы; нысанның құрал-жабдығының және имараттың, ғимараттардың техникалық сипаты (конструкиясы, беріктігі және формасы, жел куатына беріктігі және т.б.); нысанның жоспарлануы (құрылыстың сипаты); метеорологиялық жағдайына (желдің бағыты мен жылдамдығы, температура, ылғалдылық, жауын-шашынның болуы және т.б.) байланысты болып келеді [2].
Үлкен өндірістік апаттар болғанда немесе зілзалалардың басталуында шаруашылық нысанды мүмкін болатын шығындар мен қирауларды максималды төмендеуін қамтамасыз ететін алдын ала жоспарланған жұмыс режіміне ауыстыру керек. Нысанды авариялық режімге ауыстырға дайындық үшін келесі іс-әркеттер қарастырылған:
-жұмысшыларды, қызметкерлер мен олардың отбасыларын ұйымдастыру (қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандыру, арнайы профилактикалық іс-шараларды жүргізу);
-зілзалалар мен апат жағдайында нысан жұмысының сенімділігін арттыру (белгіленген дабылдар арқылы нысанды авариялық емес жағдайға дайындау);
-орталықтандырылған қамсыздандыру бұзылған жағдайда нысанды электр жүйесімен, сумен және т.б. қамтамасыз ету;
-ерекше құрылғыларды және техникалық құжаттарды сақтау;
-дайын өнімді, шикізатты және материалдарды қорғау;
-шаруашылық нысандардың жекеленген герметизациясы және ҚӘУЗ қауіпі болған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар;
-апаттарды ескере отырып шаруашылық нысандардың жұмысшыларына арналған жұмыс кестесі (көшірілген жерінен жұмысшыларды және қызметкерлерді транспорттық көлектермен қамтамасыз ету және т.б.)[2].
...