Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар психологиясы
Автор: 070291 • Декабрь 4, 2019 • Реферат • 3,071 Слов (13 Страниц) • 1,424 Просмотры
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕФЕКТОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ»
«Мүмкіндігі шектеулі балалар психологиясы» пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫС №1
Тақырып: Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар психологиясы.
Орындаған : Танбаева Мадина Абдуллаевна
Топ ЗФК-18-1куА
Тьютор :Абдукаримова У.А.
Ақтау - 2019жыл
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар психологиясы.
- Сөйлеудің бұзылуы
Сөйлеу тек қана адамға тән, қайталанбас қабілет бола отырып, ойлау үдерісімен тікелей байланысты, адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы.
«Сөйлеу патологиясы есту, көру және қозғалыс анализаторларының перифериялық және орталық бөліктерінің зақымдануы салдарынан болады. Есту анализаторларының перифериялық бөлігі зақымданған кезде, ауызша сөйлеуді қабылдау мүмкіндігі бұзылады. Бұл сенсорлық афазия немесе алалияны туғызады, сөйтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегеді. Ал көру анализаторының кейбір бөліктерінің зақымдануы, жазба тілді қабылдау мүмкіндігін қиындатады. Сол сияқты, қозғалыс анализаторының моторлық аймақтарының зақымдануы, дыбыстаудың кемістігін тудырады. Себебі, артикуляциялық мүшелердің (тіл, ерін, таңдай) және статикалық мүшелердің (қатты таңдай), дыбыс шығару және тыныс алу мүшелерінің (көмей, өкпе, бронхылар, трахея, диафрагма) жұмыстары бұзылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы, ғылыми әдебиеттерде сөйлеуге қатысатын қозғалыс анализаторының перифериялық бөлігі болып саналады.
Баланың құрсақтағы дамуы кезінде, миына әсер ететін түрлі қолайсыз, теріс жағдайлардың салдарынан, бала өмірінің алғашқы жылдарындағы алған жарақаттар т.б., сөйлеу патологиясын туғызады.
Сөйлеу кемістігінің құрылымы мен дәрежесі, мидың зақымдану деңгейімен және оқшаулануымен байланысты, ал бұл факторлар, миға әсер ететін патогендік себептердің уақытымен байланысты. Зақымданудың ең ауыр дәрежесі, эмбриогенез кезеңінде болады. Оның ішінде, алғашқы 3-4 ай немесе алғашқы триместр өте қауіпті кезең болып саналады. Ми жұмысының кемістігін туғызатын себептер, негізінен түрлі уланулар, жұқпалы аурулар, нейроинфекциялар т.б. (Н. С.Жукова, Е.М.Мастюкова, Т.Б.Филичева) болып саналады.
Мидың жетілмеуі мен сөйлеудің ауыр бұзылуына әкеп соғатын себептердің ішінде жиі кезігетіні-ананың жүкті кезінде жұқпалы науқастармен ауыруы, улануы (интоксикация), токсикоздар, асфиксия, ана мен бала қанының резус-фактор бойынша (резус-конфликт) немесе қан тобы бойынша сәйкес келмеуі, орталық жүйке жүйесінің аурулары (нейроинфекциялар – менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) және бала өмірінің алғашқы жылындағы ми жарақаттары.
Ал, Е.М.Мастюкованың еңбектерінде ішімдік пен никотинді қолдану, құрсақтағы баланың жүйке-психикалық дамуына кері әсерін тигізіп, нәтижесінде тіл мүкістігіне әкеп соқтыратыны туралы айтылады. Ішімдік синдромымен дүниеге келген баланың дене салмағы, нормадан анағұрлым кем, дене бітімі мен психикалық дамуында тежелу болады. Бұл балалардың жалпы тіл кемістігі қимыл-қозғалыстың бұзылуымен, аффективті қозғыштықпен және жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен көрінеді».
Балалардың сөйлеуі қалыптасқаннан кейінгі кезеңде, мидың тілдік аймақтарына зақым келсе, сөйлеудің мүлдем жойылуы, яғни афазия пайда болуы мүмкін.
Сөйлеуде қайта түзетілмес бұзылулардың пайда болуына, балалардың өмір сүру ортасындағы зиянды әсерлер себеп болады. Әсіресе, сөйлеудің қарқынды дамуы кезіндегі психикалық депривация, сөйлеудің тежелуіне әкеп соқтырады. Сондай-ақ, егер бұл факторлар церебральды-органикалық кемшіліктермен немесе генетикалық бейімділікпен асқынатын болса, онда сөйлеудің кемістігі анағұрлым күрделі, әрі тұрақты сипатқа ие болады.
...