Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі

Автор:   •  Ноябрь 20, 2018  •  Курсовая работа  •  8,467 Слов (34 Страниц)  •  2,000 Просмотры

Страница 1 из 34

                                                 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қолайсыз жағдайлар мен факторлардың кешенді нәтижесінде 60 пайыздан астам балалар әртүрлі патологиялық кемшіліктермен туылуда, есту қабілеті бұзылған және нашар еститін балалар да саны аз емес. Елімізде 10000 бала сыртқы және ортаңғы құлақтын кемістіктерімен туады.Әртүрлі елдерде жүргізілген  тәжірибелер бойынша дүние жүзіндегі барлық тұрғындардың 4-6 пайызы белгілі дәрежеде есту қабілетінің бұзылуына ұшыраған.

     Білім алу кезеңінде де есту бұзылысы мен басқа да дамуында ауытқуы бар балалар саны артып келеді. Бұл байланыста есту мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға теориялық, практикалық білім беру болып табылатын пән ғылыми педагогикалық даму саласы болып табылады.

    Сурдопедагогика - естуі бұзылған адамдардың қалыптасуы жайлы ғылыми білімдердің жүйесіне ие арнайы педагогиканың құрамды бөлігі болып табылады. Есту талдағыштарының қалыпты қызметі баланың жалпы дамуы ушін айрықша мәнге ие.Есту жай-күйі оның сөздік және психологиялық қалыптасуына шешуші ықпал етеді.Есту талдағышының бұзылысы кезінде бірінші кезекте сөз бұзылып  танымдық әс-әрекеттің жалпы дамымауы жүреді.

        Есту бұзылысын медициналық аспектіде қарастыратын болсақ, естудің бұзылу сыртқы,орта және ішкі құлақ пен есту жүйкесін бұзатын аурулардың нәтижесінде пайда болады.Маңызды орын алатын себептердің қатарында ортаңғы құлақтың өткір қабыну салдары тұрады.Естудің тұрақты төмендеуі мұрн мен кеңсіріктің қабынушы және қабынбайтын ауруларының және осы аурулармен байланысты евстахиялық түтік бойымен жүрумен нәтижесінде пайда болады.Естудегі бұл аурулардың шамадан тыс көрініс беруі,оның ерте жаста пайда болуда.

Менингит (миға суық тию) кезіндегі естудің бұзылуы дыбыс қабылдау аппаратының бұзылу салдарынан,басқа да балалық кездегі инфекциялар кезіндегі есту қызметі жүйкелік қабылдаушы аппаратының ауруға шұалдығу нәтижесінде де зардап шегуі мумкін.

       Есту бұзылысының салыстыриалы түрде сирек кездесетін себептер  қатарына бас мидың зардап шегуі немесе ауру нәтижесінде пайда болатын есту талдағышының орталық бөлігінің бұзылуын жатқызуға болады(энцефалит,бас ми жарақаты,қан құйылу,ісік).Мұндай бұзылулар кезінде есту қабілетінің біршама төмендеуі қыртыстық кереңдік деп аталады.

       Егер де бала өмірінің бірінші жылында кереңдік пен саңыраулылықтың тұқым қуалаушылық және тума сипаттары пайда болатын болса,онда естудің төмендеуінің жүре пайда болған факторларының рөлі әрі қарай өсе түседі.Осылардың арасында қабындырушы аурулардың салдарымен қатар,ототоксикалық медикаменттерді бей-берекет қолдану,оның ішінде антибиотиктерді пайдалану үлкен зардап шектіреді.

       Естудің бұзылуы әртүрлі туа пайда болған даму ақауларымен көп жағдайда үйлесіп жатады,мысалы,еріннің жырықтығы,туған кезде баланың салмағы 1500грамнан төмен болғандығы шалалық кезінде.Есту қызметінің жай-күйіне сәтсіз босанудың да өзіндік кері әсері болуы мүмкін.Естудің бұзылу себебі ананың жүктілік кезінде ішімдікке салынуы,сондай-ақ нәрестелік шақтағы сары ауру мен жүйкелік бұзылулардың көрінісі де болуы ықтимал.Бірақ,тұқым қуалау арқылы берілетін есту қабілетінің бұзылуы соншалықты жоғары деуге болмайды. Өйткені,шет елдік статистиканың мәліметтеріне сүйенетін болсақ,мүлдем саңырау ата-аналардан туған балалардың 90 пайызы есту қабілетінің бұзылуына ұшырамаған.

     Адамның есту  қызметінің жағдайын диагностикалаудың жоғарғы деңгейге жеткендігі соншалық,тіпті осы есту қабілетінің бұзылуы ол өмірге келгенге дейін пайда болды ма,әлде туылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда,бәлкім сол күні пайда болғанын анықтауға мүмкіндік тудырып отыр.Есту қабілетінің  бұзылуының орны мен дәрежесі арнайы әдістерді қолдану арқылы аудиометрияның көмегімен анықталады.Мұның тоналды аудиометрия,сөздік аудиометрия,нәрестелік аудиометрия,ерте балалық жастағыаудиометрия,импеданс-аудиометрия,электроқыртыстық аудиометрия және т.б түрлері бар.

...

Скачать:   txt (117.6 Kb)   pdf (357.9 Kb)   docx (52.5 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club