Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру
Автор: zhambyl.aruzhan • Сентябрь 29, 2021 • Курсовая работа • 3,263 Слов (14 Страниц) • 456 Просмотры
Оқушыларының қарым-қатынасты зерттеу мен қалыптастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 бөлім. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары..............................................5
1.2. Жеткіншек жасындағылардың қарым-қатынасының түрлері..........13
Қарым-қатынас мәдениетін зерттеу бағдарламасын жасау ...............22
2 бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЫТИЖЕЛЕРІ
Жеткіншек жасындағы оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелері...........................................37
Қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау тренингін жүргізу реті....................................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................65
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................68
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның барлық адамдық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады. Білімді меңгеру, мамандық даярлықтан өту және мамандық шеберлікті шыңдау қарым-қатынас барысында басқалардың тәжірибесін үйренудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан қарым-қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемалардың бірі болып табылады. Қарыс-қатынас мәселелерінің көкейкестілігі жеткіншек жасындағы оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуде тереңдей түседі.
Жеткіншек жасындағы оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С.Выготский /1/, Б.Г.Ананьев /2/, Е.И.Головаха /3/, А.Б.Добрович /4/, А.А.Бодалев /5/, И.С.Кон /6/, Л.А.Петровская /7/, В.В.Столин /8/, Н.И.Шеврандин /9/, Л.Д.Стрляренко /10/, Қ.А.Айдарбеков /11/, Т.М.Шалғынбаев /12/ т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Сонымен қатар «Трансактілік талдау», «Социометриялық талдау», «Ұйымдастырушылық және коммуникациялық қыбілетті анықтау», «Басқа адамдарға әсерлілікті бағалау» т.с.с. көптеген әдістемелер жасалған. Психодиагностикалық әдістемелердің қалыптасуымен байланысты қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін, оның қарым-қатынасының қалыптасуын толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік туды.
Мектепте жеткіншек жасындағы оқушылар өмірде жаңа орын алып келе жатқан есею сезімінің негізінде өзіне улкендердің жасаған қамқорлығын ауырсынып, ата-анасымен, мұғалімдермен қарым-қатынасты теңдік негізінде құрғысы келеді. Психологтар осы ерекшеліктерді ескере отырып әр адамның қарым-қатынасындағы кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын анықтауға көмек көрсетуі керек. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің күрделі міндеттерінің бірі ретінде – оқушылардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін зерттеумен қатар олардың көпшілікпен тіл табысуы, ортаға лайықты мінез-құлық көрсетуі, өз қатарлары және оқытушылармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері зерттеп, осы психодиагностикалық жұмыс нәтижесі бойынша психокоррекция жұмыстары ұйымдастырылуы қажет. Осы мәселенің өте күрделі екенін ескере отырып, дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары» - деп анықтадық.
Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынасында түсінбеушіліктер орын алағанда балалармен топтық коррекция ұйымдастыру арқылы олардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады.
Зерттеу объектісі: оқушыларға психологиялық қызмет көрсету жұмысының мазмұны.
Зерттеу пәні: жеткіншек жасындағы балалардың қарым-қатынасы.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру барысында жеткіншек жасындағы жасындағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
...