Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сиырлардың сүт сынамаларын зертханалық тесттер арқылы зерттеу нәтижелері

Автор:   •  Апрель 26, 2018  •  Статья  •  824 Слов (4 Страниц)  •  1,387 Просмотры

Страница 1 из 4

О.Ә.Ж: 619: 618.19 (574.22) (045)

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ «ИЖЕВСКИЙ» ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРНЫНДА СИЫР ЖЕЛІНІНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

Бақытжанқызы Мадина, 2 - курс магистранты

                         Ахметов А.Н., в.ғ.к., доцент

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.

Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орны зор.

Өнеркәсіптік сүт кешендерінде сиырларды ұстау және азықтандыру шарттарының, машинамен сауудың ережесі мен технологиясының сақталмауы малдың инфекцияға жалпы және жергілікті төзімділігін төмендетіп, сыртқы ортада, желінде бактериялар жиналып, көбеюіне ауру малдан сау малға жұғуына жағдай жасайды. Дер кезінде зерттелмеуіне орай ауру сиырлардан алынатын сүт, басқа өнімдер сау сиырлар сүтімен қосылып,адамға зиянын тигізеді. Бұл жағдайда адамдарда дисбактериоз, интоксикация пайда болады. Сүт өндіру өнімділігіне және сүттің санитариялық-технологиялық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер ететін аурулардың бірі - сиыр желінінің қабынуы, яғни желінсау.

Желінсау экономикалық тұрғыдан айтарлықтай кері әсерін тигізеді, себебі желінсаумен ауыратын сиырлардың сүт өнімділігі төмендейді, сүттің санитариялық және технологиялық сапасы нашарлайды, өнімділігі жоғары сиырларды сауудан шығарады, желінсаумен ауратын сиырдан алынған сүтті сатылымға жіберуге болмайды.

Желінсаумен күрес сүт өндіру саласындағы ең басты проблемалардың бірі болып табылады, осыған байланысты сүт өндіретін әр шаруашылықта желінсаумен күресу бағдарламасы болу керек. Алайда іс жүзінде бұл бағдараламалар жүзеге аспай отыр, себебі бұл бағдарламаларды орындау өте қымбат, әрі желінсауды толық қанды жою қабілеті төмендігінде.

Желінсау ауруымен ауырған ірі қараның сүт өнімділігі 15 % дейін төмендейді, сонымен бірге ауырған сиырлардың 20-25% дейінгісі саууға жарамай, олардың пайдалану мерзімі 2-3 жылға қысқарады. Мұнымен қоса, сүттің сапасы төмендеп, қатардан шыққан мал төлдемейді, ал енесінің желіні қабынған бұзаулар аурушаң болып, тез шығынға ұшырайды.

Осы тұрғыда, біздің тақырыптың өзектілігі сиыр желінінің инфекциялық аурулары ішіндегі стафилококктар мен стрептококктар тудыратын желінсау ауруын анықтау және алдын алу болып табылды.

Жұмыстың мақсаты – сиыр желінінің инфекциялық ауруы инфекциялық желінсауды диагностикалау және профилактикалаудың заманауи әдістерін құрастыру.

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

  1. Ақмола облысы «Ижевский» өндірістік кәсіпорнында сиыр желінінің инфекциялық ауруларын диагностикалау және профилактикалаудың әдістерін тәжірибе жүзінде іске асыру;
  2. Барлық диагностикалау әдістерін салыстырмалы түрде бағалау;
  3. Өндіріске заманауи тиімді профилактикалық әдістерді ұсыну.

Зерттеу жұмысы Ақмола облысы, Аршалы ауданының Ижевск ауылындағы «Ижевск» ӨК шаруашылығында және ғылыми зерттеу бөлімі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технология факультетінің, ветеринарлық медицина кафедрасының зертханасында жүргізілді.

Зерттеу нысаны ретінде қара-ала тұқымдас сиырлар пайдаланылды, желінсауларды диагностикалау әдістерін жүргізу және нақтылау мақсатында акушерлік-гинекологиялық диспансеризация жүргізілді. Осы кезде жануарлардың жалпы жағдайына, сүт безі мен әр желін бөлігінен алынған сүттегі өзгерістерге көңіл аудардық.

Клиникалық зерттеу. Қарау кезінде желіннің көлемі мен пішініне, оң жақ және сол жақ емшектерінің симметриялық орналасуын, емшектерінің көлемі мен пішінін, желіннің терісінің тұтастығы мен түсіне назар аудардық. Желінсау кезіндегі желіннің ұлпаларындағы өзгерістер аурудың сипаты мен қабынудың ұзақтығына байланысты. Сүт цистернасының үстіңгі жағын қолмен басып қарағанда, желінсаумен ауыратын сиырларда экссудаттың жиналуы, сықырлауын, қасаңдықтарды, нығыз және флюктуралық түйіндердің бар-жоғы анықталды.

...

Скачать:   txt (12.8 Kb)   pdf (138.8 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club