Микросерік прототиптерін жергілікті зерттеу мен құрастыру
Автор: asan_usenov • Март 14, 2019 • Реферат • 710 Слов (3 Страниц) • 614 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Ғарыштық техника және технологиялар кафедрасы
[pic 1]
ШҒА модульды жобалауы
МӨЖ №7
Тақырыбы: Микросерік прототиптерін жергілікті зерттеу мен құрастыру
Мамандығы : 6М074600
Орындаушы : Усенов А.К.
Тексеруші т.ғ.к., профессор : Ергалиев Д.С.
АСТАНА 2019
Микросерік пен оның құрамдас бөліктерінің прототиптерін құрастыру конструкторлық (КҚ) және техникалық құжаттамалар (ТҚ) бойынша жүзеге асырылады. Құрастыру процесі әзірлеушінің қатаң бақылауымен өтеді. Ал, оған дейін жергілікті зерттеу этапында Техникалық тапсырмада (ТТ) көрсетілген микросерік құрастыруға қойылған талаптардың орындалу/орындалмауы бақыланады. Жергілікті зерттеу екі этаптан тұрады:
- микросерік пен оның құрамдас бөліктерін автономды сынау;
- микросерікті кешенді сынау.
Автономды сынаулар келесі мақсаттарды орындау үшін өткізіледі:
- эксплуатацияның бүкіл кезеңдерінде әсер ететін сыртқы орта факторларын ескере отырып құрылымдық бөлшектер жұмысын сынау;
- сенімсіз элементтер мен қауіпті жұмыс істеу режимдерін анықтап, жою;
- жұмыс істеуге қабілеттілік шегі мен сипаттамаларының ТТ талаптарына сәйкестігін анықтау;
- КҚ мен эксплуатациялық құжаттамадарды (ЭҚ) тексеріп, керек болған жағдайда түзетулер енгізу.
Жалпы жағдайда микросеріктің әр құрамдас бөлігінің автономды сынаулары келесі реттілікпен өткізіледі:
- бұйымның жұмысқа қабілеттілігі мен ТТ талаптарына сәйкес келуін (КҚ құру) тексеру мақсатымен өткізілетін зерттеулік сынақтар;
- аяғына дейін жеткізу сынақтары (Жұмыс құжаттамасын (ЖҚ) құру);
- арнайы сынақтар (ресурстық ж/е т.б.) эксперименталды зерттеудің кешендік бағдарламасына сәйкес (ЗКБС);
- қабылдау сынақтары.
Жаңадан құрастырылатын микросеріктің құрамдас бөліктері ЗКБС-ке сәйкес автономды жергілікті сынақтардан өтеді. Жергілікті зерттеулердің жеткіліктілігі сынақтардың оңтайлы нәтижелерімен анықталынады.
Автономды сынақтар әртүрлі сынақтарға дәйекті түрде қолданыла алатын кемінде бір немесе екі үлгіде өткізіледі. Және де ондай сынақтар кезінде бір сынақ өткізу барысында бірнеше әртүрлі жүктеме қолдануға және бірнеше құрылымдық бөлшекті бір блокқа қосуға рұқсат етіледі.
Автономды зерттеудің жемісті нәтижелері бойынша кешенді сынақтар өткізуге негіз болып табылатын есептеме жасалынады.
Микросеріктің жергілікті кешенді зерттеуі ЖҚ бойынша құрастырылған тәжірибелік үлгілерідің құрамдас бөліктеріне автономды зерттеу жасалғаннан кейін өткізіледі.
Кешенді сынақтардың мақсаттары келесіде жатыр:
- пайдаланудың түрлі режимдеріндегі қоршаған орта факторлары мен жүктемелердің әсер етуі барысында құрылымдық бөлшектердің өзара әрекеттесуін тексеру;
- борттық және жергілікті бақылау құрылғыларының бағдарламалары мен алгоритмдерін тексеру;
- жүйелер мен агрегаттар қосылыстарында туындайтын конструкторлық және өндірістік ақауларды анықтап, жою;
- авариялық жағдайларды имитациялау кезінде құрылымдық бөлшектердің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
- ұшу сынақтарына немесе пайдалануға (ғарыштық эксперимент) техникалық дайындылығын анықтау;
Кешенді зерттеудің жеткіліктілігі ЗКБС және де басқа кешенді зерттеу бағдарламалары мен методикаларын ескере өткізілген сынаулардың оңтайлы нәтижелерімен анықталынады. Кешенді сынақтар бір-екі нұсқада өткізіледі.
...