Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бала тәрбиесіндегі балабақшамен отбасы арасындағы қарым – қатынасты жетілдіру

Автор:   •  Февраль 24, 2018  •  Реферат  •  1,843 Слов (8 Страниц)  •  1,942 Просмотры

Страница 1 из 8

Астана  бөбекжай – балабақшасы.

„Бала тәрбиесіндегі балабақшамен отбасы арасындағы қарым – қатынасты жетілдіру”

[pic 1]

         Әдіскер:                              Мергенова З.

                          „Бала тәрбиесіндегі балабақшамен отбасы

                          арасындағы қарым – қатынасты жетілдіру

« Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің халықтың міндеті».

                                                                   Н.Ә. Назарбаев

        Балабақшадағы тәрбие мен отбасындағы тәрбие бір – бірін толықтырады. Отбасы – қоғамдағы шағын мемлекет. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы жағдайлармен тығыз байланысты. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.

        Отбасы мүшелерінің дұрыс қарым – қатынасы баланы адамгершілікке, ізеттілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Ана тілінің тағдыры да осы отбасынан басталады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

        Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішіндегі және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыстан туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп,  оны ересек өмірге тәрбиелейді. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсатпен ұштасу арқылы іске асады. Мысалы, тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен баланың жетістігі туралы айтып отырады. Тәрбиешілер мен ата – аналар балаға қатысты барлық мәселелерде бірлесе отырып шешім қабылдайды.

        Тәрбиешілер баланы жан – жақты дамытуға оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды. Сонымен қатар, отбасымен тәрбиешілер бірлесе отырып, баланың бойындағы ерекшілігі мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады.

        Тәрбиешілер ата – аналармен қарым – қатынас жасаудың тиімді түрлерін пайдаланады. Бұндай қарым – қатынастың негізгі принципі – балабақшаның ата – аналар үшін алақандағыдай ашық, сенімді болуы. Әр ата – ана өз баласының қалай дамып өсіп келе жатқанын көру, білу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты ата – аналармен түрлі шаралар ұйымдастырылұрады. « Ашық есік » күнінде ата – аналар балаларының балабақшадағы іс – әрекеттері жайлы толық ақпарат алып, көрнекіліктермен, оқу – тәрбие процестеріне қатысып, спорттық шаралар, қимылды ойындар, тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, ата – аналарға нұсқаулықтармен танысып, хабар ала алады.

        Мектепке дейінгі білім, тәрбие берудің жаңа стандарты баланың нені біліп, қалай жасай алу керектігін және қандай негізгі құдыреттілікті меңгеру керектігін нақты анықтап береді.

        Білім салалары деп аталатын бес бағыт белгіленген. Бес бағыт тәрбиешілердің аялы алақанында ұштасып, болашақтың кепілі жас ұрпақты, жан – жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелейді. Бұл бес бағыт бір – бірімен тығыз байланыста. Алғашқы орында « Денсаулық» саласы, оның негізгі мақсаты өз денсаулығына саналы түрде қарай білуге тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін арттыру және физикалық қасиеттердің қалыптасуына назар аудару.

        Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жалғыз балабақшаның күші жетпейтіні анық. Стандартта осы мақсатта отбасы тәрбиесіне де қатал талаптар қойылған.

        Ата – аналар көмегінсіз, дене тәрбиесінде жетістіктерге жету өте қиын. Ата – ананың көмегімен, қатысуымен балабақшадағы кейбір шаралар өте қызықты өтеді, оларға үлкен қуаныш сыйлайды.

Ата – ананалармен жұмыс жүргізудегі жаңа әдістер.

        Қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Сол мақсатқа жету үшін балабақшадан шығатын тәрбиеленушіге бүгін берген білім мен тәрбиенің пайдасы, жаңалығы туралы айтуға боларлық оқу – тәрбие процесін қалай ұйымдастыруға болады? Тәрбиеленуші тұлға ретінде бүгінгі күн талабына сай болып, мектеп табалдырығын аттауға дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – бала тәрбиелеудің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс – тәсілдерді кеңінен пайдалану. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада одан әрі жалғасады. Отбасының ықпалын өмірдегі ешқандай күшпен салыстыруға болмайды. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым – қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ата – ана баласын тәрбиелеуді бастамас бұрын, өзінің мінез – құлқына, өміріне баға бере білуі тиіс. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін қателіктер ата – аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және тәжірибесіздігінің салдарынан болады. Сондықтан да қазіргі кезде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата – аналарға кеңес түріндегі психологиялық – педагогикалық көмек беру өзекті болып отыр. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, баласының психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында балабақшамызда ата – аналарға арналған пункт, жұмыс істеуде. Кеңес беру пунктінде жұмыс істейтін мамандар: педагог – психолог, дәрігер, дене тәрбие нұсқаушысы, музыка жетекшісі. Құрастырылған кестеге сай ата – аналар қабылданып, кеңес, көмек беріліп, отбасы тәрбиесінің өнегелі тәжірибесі таратылады, үгіт – насихат жұмыстары, ата – аналардың өтініштері бойынша жеке консультациялар өткізіледі. Жоспар бойынша отырыстарына хаттама жазылады.

...

Скачать:   txt (17.6 Kb)   pdf (259.3 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club