Қарым-қатынастағы қиындықтарды ескеру
Автор: marinaaksakalova • Октябрь 14, 2018 • Реферат • 2,206 Слов (9 Страниц) • 1,180 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Қарым-қатынастағы қиындықтарды ескеру
Топ:ПМНО-18-3М(б)
Орындаған: Аксакалова Марина Сапиевна
Қабылдаған: Утегенова К
2018 жыл
Мазмұны
І Кіріспе
а)Мәдени айырмашылықтар
ІІ Негізгі бөлім
1.Менеджменттегі орта туралы түсініктің маңызы
2.Ұйым ортасы
3.Сыртқы орта
4.Жалпы орта
ІІІ Қорытынды
Менеджер болу:Қарым-қатынастағы қиындықтарды ескеру
«Қазіргі әралуандық уақытында мәдени айырмашылықтар көрші ел түгілі, көрші бөлмеден табылуы ғажап емес».
-Бретт Рутледж, коммуникациялар маманы
Бизнесіңіз бойынша халықаралық бағыттарда жол тартқан өздеріңізді мүлдем басқа ортаға түскендей сезінбеуіңіз қажет, бірақ құжат дайындауға мұқият болу керек. Қанша дегенмен кейбір нәрселер қиынға соғуы мүмін. АҚШ-тағы IT консалтинг компаниясының серіктесі Дана Марлоу Туниске халықаралық конференцияға барар алдында жақсы дайындалдым деп ойлаған: мәдени айырмашыдықтар туралы оқып, араб тілінде бірнеше қажетті сөздерді жаттап алған. Туниске жеткенде, бірнеше жергілікті кәсіпкермен кездесетін болды. Кездесуде кофе ұсынылды. Бірақ күн тым ыстық болғандықтан, Марлоу кофе ішкісі келмеген. Он бес минуттан соң, ол тунистіктердің біреуі де кофеге қол созбай отырғанын байқаған. Кейін ол: «Олардың менің кофе ішкенімді күтіп отырғанын түсінбедім»,-деп мойындады.
Марлоу сөз айтпай-ақ, оғаш (білместіктен, өз әрекетімен) әдепсіздік көрсетіп үлгерген. Бақытына орай, бұл жағдай халықаралық мәселеге ұласпады, апайда бұл – мәдениеттегі айырмашылықтар болғандықтан, мемлекеттік деңгейде дау тудыра қоюы да екіталай еді. 2001 жылы АҚШ флотының сүңгуір қайығы Гавай аралдарының маңында жапонның оқу – жаттығу қайығын соққан, соның салдарынан жапон қайығындағы тоғыз адам қаза болды. Екі ел арасындағы даулы оқиға апат себебіне емес, қазаға көңіл айтудағы мәдени айырмашылықтардан шиеленіскен.
Мәселе мынада:
Біріншіден, АҚШ флотының ресми түрде көңіл айтуы тым кеш болып, жай ғана ресми мәлімдеме ретінде болған. Ол мәлімдемеде жауапкершілік туралы ештеңе айталмаған. Ал америкалықтардық мәдени ережелеіне сәйкес , оқиға біріншіден заңдық жағынан қарастырылады, тергеу жүргізіледі, міндет темелер және өтемақы мәселелері қарастырылады.
Әрине, кейін президент Джордж Буш, мемлекеттік хатшы Копин Пауэлл, қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд және Жапониядағы АҚШ елшісі Томас Фопи ресми түрде Жапон премьер – министріне және Жапония императорына көңіл айтты. Тынық мұхиты флотының командиры адмирал Томас Фарго зардап шеккендердің отбасыларына өз атынан жеке көңіл айтқан.
Алайда жапон отбасылары оны түсіністікпен қабылдамады. Неліктен? Жапон мәдениетінің ережелері бойынша, алдымен қайық командиры Скотт Ваддельдің өзі көңіл айтуы керек екен. Бірақ заңға сәйкес Ваддель атылған жағдай бойынша ештеңе айта алмаған және Флоттың ресми өкілдері оған адмирал Фаргомен бірге көңіл айтуға тыйым салған. Отбасылар Ваддельді осы «қылмысы» үшін жеке
[pic 1]
Басқа елдің адамдарымен қарым-қатынас жасау нәтижесі күтпеген қателерге немесе күрделі мәселелерге душар етуі мүмкін.АҚШ флотының сүңгуір қайығы жапонның оқыту жаттығу қайығын соғып, жапон қайығындағы тоғыз адам қаза тапқанда, екі ел арасындағы даулы оқиға апат себебінен емес, қазаға көңіл айтудағы мәдени айырмашылықтардан шыққан.
...