Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен өзін өзі дамыту психология пәнінен не үйрендім?

Автор:   •  Май 1, 2024  •  Эссе  •  409 Слов (2 Страниц)  •  27 Просмотры

Страница 1 из 2

                 Мен өзін өзі дамыту психология пәнінен не үйрендім?

   Психология – адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасына негізделген адам психикасын зерттейтін ғылым. Психология - қазіргі әлемдегі ең қызықты және өзекті ғылымдардың бірі. Психология адамның ойлау, мінез-құлық және эмоция механизмдерін зерттей отырып, адамдарға өмірдің күрделілігіне бейімделуге, өзін және басқаларды түсінуге көмектесуге тырысады. Соңғы он жылдықтарда бұл ғылым барған сайын қарқын ала бастады және бүгінде зерттеуге көптеген қызықты тақырыптарды ұсынады.

 Соңғы кездері психология біздің өмірімізге көбірек еніп, көп адамдар үшін жақынырақ, түсінікті және қажет бола бастады.Өйткені біз барлығымыз адамдар арасында өмір сүргендңктен олармен мүмкіндігінше жақсырақ, өзімізге ыңғайлы, өзіміз қалағандай сөйлескіміз келеді. Біз бәріміз бір дәрежеде өмір сүріп жатқан психологпыз.Яғни өмірлік қиындықтар туындаған кезде өз ойларымызбен бөлісіп,пікір алмасамыз,ол жағдайды жақсы жағынан шешуге тырысамыз. Кейбіреулер өз бетімен қорытынды жасай алады, ал басқалары кітаптан ақпарат алып,сол мәліметке сүйенеді.

Сонымен, мен психология пәнінде нені ұқтым,нені үйрендім?

  • Ең алдымен, әрине, адам өзін-өзі тану және сезіну үшін өзінің «Мен» деген ұғымы болуы шарт. Менің кім екенімді, қандай екенімді, неліктен бұл өмірді сүріп жатқанымды, мен үшін не маңызды екенін және оған қалай жетуге болатынын түсінуім қажет. Сондай-ақ психикалық процестерді, функцияларды, қабілеттерімді басқаруды үйрену үшін. Адам өзін тану арқылы өзін өзгертеді. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деп бекер айтпаған.
  • Келесі қарым қатынас. Қарым-қатынас - бұл адамдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардың өзара ақпарат пен тәжірибе алмасу процесі.Қарым қатынас жасаса білу адамдардың өмірінде зор орын алады. .Бұл тақырыпты өту барысында қарым қатынастың түрлері,формалары және аспектілерін,олардың функцияларын қарастырған болатынбыз.
  • Конфликт яғни қақтығыс. Конфликт – әртүрлі адамдардың мүдделерінің, идеяларының, құндылықтарының, пікірлерінің қақтығысы және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестіктің болуы. «Қақтығыс» сөзі жағымсыз нәрселермен байланыстырылады.Олар:агрессия, жанжал, қарсыласу,стресс,ашуланшақтық және т.б
  • Эмоционалды интеллект (Emotional Intelligence или Emotional Quotient) - бұл өзінің және басқалардың эмоцияларын, ниеттерін, мотивацияларын, тілектерін тану және басқару қабілеті

   1 курс оқып жүргенімізде бізге психология пәні өтілген болатын.Сол себептенде болар біз әр тақырыпты жеңіл әрі қызықты өткіздік.Әр сабақ сайын сабақ барысы қызықты,студенттердің сабаққа,осы психология пәніне деген қызығушылықтарын ояту мақсатында көптеген ойындар мен анкеталар ұйымдастырған едік.Психология пәнінде біз барлық өткен тақырыптарымызды толық аша алдық деп ойлаймын.Яғни,тақырыптың ауқымын,структурасын сақтай отырып,алынған мәселенің маңыздылығын көрсете алдық.Менің бұл келтірген тақырыптарым 1 семестр бойы өткен тақырыптарымыз емес әрине.Біз бұданда күрделі,әрі ауқымды тақырыптарды талқылап,саралаған болатынбыз. Психология қазіргі әлемге өте қажет деп есептеймін.Қоғам өмірінің барлық салалары белсенді дамып жатқан қазіргі заманда психологияға өмірлік қажеттілік ұдайы артып келеді. Психология қоғам мен жеке адамдар өмірінде маңызды рөл атқарады.Психологияны білу адамның өмірін жарқын, табысты етеді.Психология «барлық жағдайдың емі» болмағанына қарамастан, ол көптеген мәселелерді шеше алады және өмір барысында туындайтын көптеген сұрақтарға жауап табады.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (68.6 Kb)   docx (192.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club