Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы

Автор:   •  Декабрь 8, 2021  •  Реферат  •  2,340 Слов (10 Страниц)  •  6,366 Просмотры

Страница 1 из 10

Ерік.
Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы

Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.

Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет-қылық белсенділігін жұмылдыру.

Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі – ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.

Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.

Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі - оның турлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Өйткені, адам сырткы дуниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің катынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бүл үшін ол қимыл-қозғалыска, іс-әрекетке түсіп отырады.

Балада кимыл-козғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топка бөлуге болады.

Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни, максат койылмайтын козғалыстар: көздің жүмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін — ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс аркылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ыкпал жасауға болмайды. Бұл үшін максатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау кажет.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозгалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп аталады.

Сонымен ерік дегеніміз баланың өз мінез-қүлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екіталай кездерде белді бекем буып, іспай, кідірмей амал етуге үмтылу» (Ж.Аймауытов).

Адамның осындай психикалык әрекеті алдына койған максатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сырткы кедергілерді жеңе білуінен жаксы байкалады.

Сөйтіп ерік қимылдарының өзі-өзінен пайда болмайтын керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты отыратын, ми кызметі өнімдерінің бәрі болып есептелетін психикалық процесс деп түсінуіміз кажет.

Орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себептерге байланысты болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеген.

Еріктің физиологиялық механизмы де ми кабығыны рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесіне жоғарыда айтылып өткен ерік козғалыстарының алатын орны ерекше.

Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз козғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре бара калыптасады.

Ерікті козғалыстардың рефлексті табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды. И.П.Павлов және онын шәкірттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті козғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен уакытша жүйке байланысына түсуге кабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті козғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылды, түрлі козғалыстарды реттеп, баскарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар.

...

Скачать:   txt (34.1 Kb)   pdf (177.9 Kb)   docx (21.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club