Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

Автор:   •  Декабрь 22, 2019  •  Курсовая работа  •  5,585 Слов (23 Страниц)  •  825 Просмотры

Страница 1 из 23

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................

1. Балалардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері........................................................................................

2.Қазақ тілін оқыту барыснда оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.............

3. Балалардың қазақ тілі пәнінде танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері..................................

4. Балалардың  танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастыру жолдары...........................................................................................................  

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

КІРІСПЕ

        Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үдерісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін  дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.

        Оқушылардың  танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамыту болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.

        Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына тигізер ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жұмысты ұйымдастыру мәселелерін жан- жақты зерттеу.

Зерттеу жұмысының  нысаны: жалпы орта мектептегі тұтас оқу- тәрбие үдерісі

 Зерттеу пәні: оқушылардың  қазақ тілі сабақтарында  танымдық қызығушылығы мен қабілеттерінің дамуы

Зерттеудің болжамы: егер қазақ тілі сабақтарында жүйелі түрде оқушылардың оқу- танымдық әрекеттерін тиімді ұйымдастырсақ, онда олардың сабаққа деген танымдық қызығушылығы артады, қабілеті дамиды, оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.

Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер қойылды:

  • оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін ұйымдастыруда танымдық қызығушылығы мен қабілетін дамытудың теориялық негіздерін қарастыру;
  •  оқушылардың оқу- танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыратын қүрал ретінде кешенді дидактикалық тапсырмаларды әзірлеу;

Жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.          Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.

1 Балалардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

  Білім  беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным  тео- риясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және  үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және  оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және  оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

...

Скачать:   txt (73.7 Kb)   pdf (236.9 Kb)   docx (29.9 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club