Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі білім беру жүйесінде педогогқа қойылатын талаптар

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Реферат  •  902 Слов (4 Страниц)  •  394 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

[pic 1]

СӨЖ №2

Тақырып: 

 «Қазіргі білім беру жүйесінде педогогқа

қойылатын талаптар»

6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы 2-курс

      Пәні: «Педогогика»

      Қабылдаған: Бауыржан Сейдахметов

      Орындаған: Тажибай Ақерке

      Курс: 201-топ

2020-2021 о.ж

     «Қазіргі білім беру жүйесінде педогогқа қойылатын талаптар»

      «Ұстаз … жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын … алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі …, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне … жақсылық пен ізгілік көрсетіп … қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».  

                                                                                                   Әл-Фараби

     Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты,  балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.

    Мұғалім — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Білім мен тәрбие  беру қиын да қастерлі  еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден  талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық  ізденуді, үйренуді асыл мұратына,биік парызына айналдырғанда  ғана жете ала-тыны сөзсіз. Шебер  мұғалімдер ғана зеректік пен  зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды,  өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға  қабілетті, мәдениетті, өнегелі,  заман талабын қанағаттандыра  алатын жағдайда ғана халқының  сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім»  дәрежесіне көтеріле алады. 

 «Ұстазы жақсының ұстамы  жақсы» демекші оқушылардың қиялына  қанат бітіріп, асыл армандарының  орындалуына мүмкіндік туғызу  ұстаздың борышы. Өзі үйрене алмаған  өзгені үйрете алмайтыны анық. Қазақ халқында «Тоқтатпасаң  оқытпа» деген сөзі ұстаз-мұғалім  болуы үшін мұғалімнің кәсіби  өсіп жетілуінің, талаптанудың арқасында  ғана жететіндігін аңғартады. 

 Мұғалім қызметінің  табысты болуы, оның оқу және  тәрбие жұмысының мақсаттары  мен міндеттерін жете түсінуге  байланысты. Мұғалім оқушыларға  саналы тәрбие жан-жақты білім  береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен  қоғамға деген сүйіспеншілігімен  ынтасын тәрбиелейді. 

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (154.4 Kb)   docx (60.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club