Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық пәндерді оқыту үдерісіндегі модульдік білім беру технологияларын қолдану

Автор:   •  Апрель 9, 2018  •  Дипломная работа  •  10,246 Слов (41 Страниц)  •  970 Просмотры

Страница 1 из 41

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:  «Экономикалық пәндерді оқыту үдерісіндегі модульдік білім беру технологияларын қолдану» (ШҚО орта және арнайы орта білім беретін оқу орындарының мысалында)

2016 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ ...........................................................................................................      3
1 МОДУЛЬДІК  БІЛІМ  БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ ......................................................................................................
1.1 Модульдік білім беру технологиясының педагогикалық негіздері........
1.2 Модульдік білім беру технологиясының құрылымы .............................
1.3 Модульдік білім беру технологиясының білім берудегі маңызы ...........

2 ОҚЫТУ ПРОЦЕССІНДЕ  МОДУЛЬДІК  БІЛІМ  БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................................................................

2.1 Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу....................

2.2 Модульдік оқыту технологияның қолдану әдістемесі ................................

2.3 Экономика пәнін оқытуда модульдік технологияны қолдану

тәжірибесі......................................................................................................................

3 МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ШАРАЛАРЫ....................................................................................................  

3.1  Жаңа технологияларды пайдалануда  пәнге қызығушылықтарын  арттырудың  жолдары.....................................................

3.2 Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың  модульдік білім беру технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары..................................


ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

ҚОСЫМШАЛАР..............................................................................................

КІРІСПЕ

        Жұмыстың өзектілілігі.       XXI ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

          Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыларға қол жеткізу арқылы әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

          Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” -  деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [3].

         Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [4]. Оны жүзеге асыру-мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.        

...

Скачать:   txt (149.6 Kb)   pdf (525.8 Kb)   docx (59.8 Kb)  
Продолжить читать еще 40 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club