Сіздің өміріңіздің қалыптасуында және қазіргі білім жүйесіндегі ғылымның орны
Автор: akma96 • Февраль 26, 2018 • Сочинение • 318 Слов (2 Страниц) • 1,568 Просмотры
Эссе
«Сіздің өміріңіздің қалыптасуында және қазіргі білім жүйесіндегі ғылымның орны»
Қазіргі білім жүйесі, түрлі ғылыми жүйелерге бөлінеді. Осы ғылыми жүйе салалары менің өміріме оңтайлы түрде әсер етуде. Себебі жаңа, қазіргі заман ғасырында техникалардың дамуы, сонымен қатар білім жүйесінің дамуы маған, дүниені сан қырлы тұстарынан қарап,зерттеуге пайдалы жағынан әсер етуде. Әр ғылым бойынша жаңа заттарды танып келемін.Бір сөзбен айтсақ, жалпы білімім жетілуде.
Жаңа білім жүйесі оқушыларға, жоғары білім алушы студенттерге немесе т.б өте қол жетімді. Бір ғылым саласына қызыққан кез-келген адам, сол ғылымға оңай қол жеткізеді. Себебі, қазіргі ғаламтор желілері, кітапханалар т.б осының барлығын жеңілдетілген түрде көрсетуде. Білім жүйесі адамның өміріне, болашағына тікелей әсер етіп қоймай, оның білім саласы бойынша маман болуына септігін тигізеді. Мен биология мамандығы бойынша оқығаныммен, басқа да ғылым салалары мен үшін керек , деп есептеймін. Себебі мен тек биология саласы бойынша ғана оқып қоймай, басқа ғылым саласы бойынша да білім алуым қажет. Менің өмірімде басқа ғылым салалары қажет, мысалға, философия немесе экономика. Себебі олар біліміме үлкен маңызы бар. Тек білім алып қана қоймай. Мен ғылым саласы бойынша білім алған маман болып саналамын. Кез келген түрлі бағытта оқып жатқан білім алушы студенттер үшін де, түрлі ғылым саласы, олардың көзқарастарының дамуына үлкен септігін тигізеді және білімдерін арттырады. Тек бір пән саласында ғана емес, сонда жан-жақты саладағы маман иесі болады. Мысалға, философия ғылым саласы, адамның жан дүниесінің дамуында, ғылымның бастау алған пәні ретінде, ойшылдардың ойлары мен жеткізген сөздеріне байланысты. Тілдер (ағылшын, орыс және т.б) ғылым саласы, тілдерді жетілдіруге,жаңа дүниелерді басқа тілдер саласында да танып білуге түрлі септігін тигізеді. Және т.б ғылым салалары жалпы менің өмірімнің қалыптасуына ғана емес, жалпы адамзат көзқарастарының қалыптасуында маңызы зор. Адам тек бір сала ғана емес, жан-жақты ғылым салалары бойынша білім алып,өз-өзін жетілдіру қажет. Сонда ғана адам қазіргі білім жүйесінде, жетілген маман болып шығады,деген ойдамын.
...