Рефлексия – мұғалімнің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру құралы
Автор: Almus21 • Май 5, 2020 • Реферат • 3,776 Слов (16 Страниц) • 708 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР және ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Инжиниринг
Мамандық: Ақпараттық жүйелер
РЕФЕРАТ
(МӨЖ)
Тақырыбы: Рефлексия – мұғалімнің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру құралы.
Орындаған: МНИС-19-1 тобының
магистранты Сембаева А.А.
Тексерген: к.п.н., профессор Қалиева Э.І.
Ақтау – 2020 ж.
Рефлексия тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы мықты құралы болып табылады. «Түрлі зияткерлік жүйе өзі туралы білімнің әсерінде өзгереді» (Г.П.Щедровицкий). Білім беру үдерісін рефлексиялық басқару адамның өз әрекетінің маңызын түсіну арқылы тұлғаның дамуына әсер ететін факторымен байланысты. Өзіндік ойлау ынтаның басталуы болып табылады. Онда қажеттіліктің, оның ішінде білімділік, даму мөлшері бойынша күшейеді. Терең өзіндік ойлаудан кейін келесі үдерістер дами бастайды: өзін-өзі анықтау – өзін-өзі таныту – өзін-өзі іске асыру – өзінөзі реттеу. Барлық осы үдерістер тұлғаның өзін-өзі дамытудың рефлексиялық табиғатын құрайды. Рефлексияның жоғары деңгейі – кәсіби барысында мамандығын жетілдіруде өзі туралы ойлану.
Рефлексия мәселелеріне арналған ғылыми зерттеулерде педагогикалық рефлексияның мазмұндылығын түсіну үшін маңызды аспектілер айқындалған. Олар мұғалім қызметіндегі рефлексиялық үдерістерді көрсетеді және «педагогикалық рефлексия» ұғымының мазмұнын анықтайды. Оларға мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті, мұғалім қызметінің адамгершілік, жаңашыл сипаты, үздіксіз өзінөзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үдерісі, өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау негізінде педагогикалық «Мен-тұжырымдамасының» қалыптасуы мен жетілдіруі жатады. Мұғалім қызметіндегі рефлексияның мәселелерін зерттеуді талдау педагогикалық рефлексияның мазмұнын түсіну және анықтау рөлінде тәсілдің болатынын көрсетті. Қазіргі таңда рефлексиялық үдерістің психологияның басқа да салаларында зерттеудің дәстүріне айналған. Рефлексия түрлі феномендардың психологиялық мазмұнын ашу үшін сананы (Л.С.Выготский, Н.И.Гуткина, А.Н.Леонтьев, В.Н.Пушкин, И.Н.Семенов, Е.В.Смирнова, А.П.Сопиков, С.Ю. Степанов, т.б.), ойлауды (Н.Г.Алексеев, А.В.Брушлинский, В.В.Давыдов, А.З.Зак, В.К.Зарецкий, Ю.Н.Кулюткин, С.Л.Рубинштейн, И.Н.Семенов, С.Ю. Степанов, т.б.), шығармашылықты (Я.А.Пономарев, Ч.М.Гаджиев, С.Ю.Степанов, И.Н.Семенов, т.б.), қатынасты (Г.М.Андреева, А.А.Бодалев, С.В. Кондратьева, т.б.), тұлғаны (К.А.Абульханова-Славская, Л.И.Анцыферова, Л.С.Выготский, Б.В.Зейгарник, А.Б. Холмогорова, т.б.) зерттеу тәсілі шеңберінде қарастырылады.
«Рефлексия» ұғымының шығуы
«Рефлексия» сөзі ежелгі латын тілінің «reflexio» сөзінен туындайды, аудармасы «кейінге үңілу» мағынасын білдіреді. «Советский энциклопедический словарь» оны былай көрсетеді:1) ой толғау, өзіндік бақылау, өзін-өзі тану; 2) философияда — адамның өзінің жеке әрекеттері мен олардың заңдылығын ұғынуға бағытталған теоретикалық қызметінің түрі. Ал Ожегов және Шведовтың «Толковый словарі» аталған ұғымды өзін-өзі талдау, өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Сонымен қатар, айтарлықтай таратылған көзқарас, ол рефлексия – адам жанының өзіне қарай бағытталуы. Сондай-ақ, рефлексия – сөз туралы сөз деген ұғым да кең таралған. Рефлексиялық қызмет – тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ойланудың ішкі үдерісі (ішінен ойлау).
...