Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зиятында ауытқуы бар балаларды ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу

Автор:   •  Март 1, 2021  •  Реферат  •  1,269 Слов (6 Страниц)  •  1,278 Просмотры

Страница 1 из 6

Зиятында ауытқуы бар балаларды ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу.

     Бүгінгі таңда алдымызда тұрған аса маңызды міндеттердің бірі – дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер мәселесі. Оларды қоғамнан аластатпай, барлық балаларға, соның ішінде арнайы қажеттіліктері бар  балаларға да сапалы білім беруді, әлеуметтік ортаға қосуды қамтамасыз ету. 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Зиятында ауытқуы бар  балаларға әлеуметтік және медициналық – психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету туралы» Заңына сәйкес даму және денсаулығында ауытқуы бар балалар білім алуға және шығармашылық дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы.

     Білім беру деп – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқу әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

     Оқытудың әлеуметтік , педагогикалық, психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады.

     Т.В. Егорованың жасаған әдістемелерінің көмегімен, бұл балалардың ойлау кемшіліктерінің спецификалық ерекшеліктері анықталады, оқу материалын ұсыну әдісі, балалардың ойлау деңгейіне сәйкес болмаған жағдайда бағдарламаның меңгерілмейтіндігі анықталады. Бұл әсіресе, арифметикалық есептер шығаруға үйретудегі, сөздік және көрнекі әдістерді салыстырудан анық байқалады. Материалды меңгеру үшін, оқытудың тиімді әдістерін пайдалану үшін, мұғалім үнемі іздену қажет.

     Осы орайда зиятында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеуде ойын технологиясын пайдалану тиімді әдіс болып табылады. «Ойын» - бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс – әрекеттің бір түрі.

     Ойын – бала үшін нағыз өмір. Егер оқытушы ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс –әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым – қатынастары формаларына жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек.

     А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы рөлін жоғары бағалай келіп, оқытушының рөлі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін.Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім». Педагогикалық процесте ойын балалар іс – әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады. Ойын мен еңбектің өзара баланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады.

     А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойынды да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалған ойын, белсенді іс – әрекетсіз ойын – қашанда жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашалағы тек қана мынада: «...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді».

     Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттілігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.

     Зиятында ауытқуы бар балалардың жан – жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.  Ойын жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтереді, демалдырады, сонымен қатар, ол күлдіріп, кез – келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді.

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (61 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club