Курстың мақсаты мен бағыты және оның мазмұны
Автор: Ersultannn • Октябрь 28, 2018 • Лекция • 19,232 Слов (77 Страниц) • 1,226 Просмотры
1.1 Курстың мақсаты мен бағыты және оның мазмұны. Механизм мен машиналардың, аспаптар мен аппараттардың бөлшектері мен түйіндерін құрастырудың теориялық негізі. Машиналар мен жабдықтардың жетектері. Жетектің түрлері: Электрлік, гидравликалық және пневматикалық жетектер. (2 сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Машинаның деталдары жайлы жалпы мағлұматтар.
2. Машина мен жабдықтың жетегі. Жетектің жіктелуі.
3. Машинаның жетктері, берілістері, құрылымы, жұмыс үрдістері, қолдану аумағы
Машинаның жұмыс мүшелерінің, жүріс бөлімінің және басқа түйіндерінің жетегі берілістің көмегімен іске асады. Соңғысы қозғалысты беріп қана қоймай, жылдамдығын, кей жағдайда қозғалыстың с-ипаты мен бағытың өзгертеді.
Берілістер механикалық, гидравликалық, электрлік түрлерге бөлінеді. Механикалық берілістер екі түрге үйкелімді берілістер (оларға белдікті және үйкетүзілімді берілістер жатады) және ұстасу берілістер (тісті, бұрамдық және шынжырлы берілістер) болып жіктеледі. Әрбір берілістегі қуат беретін бөлшек жетектеуші, ал осы қ
уатты қабылдайтын бөлшек жүруші деп аталады. Көп жағдайда жетектеуші бөлшектің айналым саны п1 және жүруші бөлшектің айналым саны п2 әрқалай. Бұл айналым сандарының қатынасы берілім саны i деп аталады. Машиналар бөлшектерінде көп жағдайда төмендеткіш берілістер қолданады – электрқозғалтқыштан төмен бұрыштық жылдамдықпен айналатын машинаның жетекті білігне берілу. Берілістің үйлесімді түрі бірқатар факторларға байланысты анықталады: пайдалану жағдайына, жұмыс істеу үрдісінде жүктеменің өзгеру сипатына, берілген жұмыс істеу мерзіміне, техника қауіпсіздігінің талаптарына, жөндеу және қолдану жеңілдігі, жетек және жинақтау бағасы.
Тісті берілістер. Машина жасау өнеркәсібінде тісті берілістер кеңінең қолданылады. Ол айналу кезінде бір-бірімен тістері арқылы ілінісетін екі дөңгелектен тұрады. Тістегеріш (шестерня) деп аталатын кіші дөңгелек әдетте жетектеуші міндетін атқарады, ал үлкені жүруші - дөңгелек деп аталады. Беріліс паралель немесе қиылысатын осьтердің арасында пайда болуы мүмкін. Бірінші жағдайда цилиндрлі тісті дөнгелектер, ал екіншісінде көп жағдайда конусты дөнгелектер пайдаланылады. Тісті берілістермен 3700 квт (5000 а.к) дейін қуат беруге болады. Беріліс саны 20 дейін болуы мүмкін, әдетте беріліс саны 8 болатын цилиндрлі тіктісті дөңгелек немесе беріліс саны 5 болатын конусты дөңгелектер пайдаланады. Сыртқы жылдамдығы 120—150 м/сек дейін жетуі мүмкін, бірақ 10—15 м/сек жылдамдықтан асатын тісті берілістер жоғары дәлдікпен дайындалуы тиіс. Тістердің жақ пішіні әдетте эвольвент бойынша сызылған. Бұл бір дөңгелектің екіншісіне қарағанда сырғанаусыз айналуын қамтамасыз етеді. Тісті берілістердің әр түрі 1 суретте көрсетілген.
[pic 1]
1 сурет. Тісті берілістер: а — цилиндрлі тіктісті; б — цилиндрлі қиғаштісті; в — цилиндрлі шыршатісті (шевронные); г — конусты тіктісті; д — конусты айналма тісті.
Бұрамдық берілістер. Бұл берілістер (2 сурет) әдетте трапеция тәрізді бұрандасы тісті дөңгелекпен іліністе болатын бұрама (бұрамдық) түрінде болады. Бұрамдық дөңгелектің түйіспесін ұлғайту үшін сыртқы бетін ойылымды етіп дайындайды. Бұл берілістерде бұраманың әрбір айналымы дөңгелекті біркірісті бұранда жағдайында бір тіске, екікірісті бұранда жағдайында – екі тіске және т.с. айналдырады. Мұндай берілістердің көмегімен 200 дейін (әдетте 50-60) беріліс санын алуға болады.
[pic 2]
2 сурет. Бұрамдық беріліс.
Үйкетүзілімді берілістер Бұл беріліс кезіндегі бір элементен екінші элементке қозғалысы үйкеліс күшімен жүзеге асады. Мұндай берілістің қарапайым түрі 3, а суретінде көрсетілген. Бұл берілісте бір біліктен екіншісіне айналу осы білікке киілген дисктердің арасындағы үйкеліс күшімен жүзеге асады. Р үйкеліс күшінің шамасы бір дискті екіншісіне сығатын Q күшіне және [pic 3] үйкеліс кэффицентіне тәуелді. Үйкетізілімді берілістермен айналуды паралель ғана емес, сондай-ақ қиылысатын осьтермен беруге болады. (3, б сурет). Бұл жағдайда конусты аунақтарды (катки) бір-бірімен жанастыратын күш, аунақ осьінің бойымен бағытталған күштің әсерімен пайда болады. Үйкетүзілімді берілістер беріліс саны ауыспалы және кіші немесе орташа қуатты беріліс жағдайында кең қолданысқа ие. (3, е сурет) Үйкетүзілімді берілістердің беріліс саны 10 аспайды; көп жағдайда 5-7 ден аспайды. Мұндай берілістердің артықшылығы конструкциясының қарапайымдылығы мен динамикалық жүктеменің жұмсартылуы болып табылады. Кемшілігі ретінде дискілерінің тайқуы, нәтижесінде берілген беріліс санының қамтамасыз етілмеуі.[pic 4]
...