Бақыт деген не?
Автор: khudavadieva • Февраль 17, 2023 • Эссе • 650 Слов (3 Страниц) • 239 Просмотры
Бақыт деген не?
Атақты ойшыл, философ Әл-Фараби адам дүниетанымына, ішкі дүниесіне, жалпы адам өмірінің мәні туралы философиялық тұрғыдан зерттеу жүргізгендігі баршамызға мәлім. Қазір менің тоқталғаным келіп тұрғаны, бұл философтың бақыт жайлы, бақытқа жету жолдары, бақыттың адам өміріндегі маңызы туралы жазған еңбектері. Әл-Фарабидің бақыт жайлы жазған «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты бірнеше құнды еңбектері бар. Аталған еңбектерінің негізгі идеясы – бақытқа жету, адам бойындағы асыл қасиеттер, өмірді толыққанды бақытты әрі мағыналы өткізудің қыр-сырлары мен маңызы жайлы, менің түсінгенім бойынша және де ғалым бұл ұғымдарды философиямен ұштастырған.
Бақытқа жету – адам өмірінің негізін құрайды. Адам баласы өмірге келгеннен соң, өз өмірін барынша бақытты әрі ұмытылмас сәттерге толтыруды, өмірдің қызығын көріп, қалағанына жетіп, бақытты да баянды, мағыналы ғұмыр кешуді көздейді. Осы көздеген мақсатына жету үшін әр адам сантүрлі жолдарды таңдайды. Бұның себебі, бақыт ұғымын әркім әрқалай түсінуінде. Мысалы, кейбір адамдар үшін бақыт – бұл ешнәрседен таршылық көрмей, дәулетті өмір сүру болса, біреуі бақытты отбасының амандығы, сүйікті ісімен айналысуы, барлық арман-мақсаттарының орындалуы деп түсінеді. Ал, кейбір адамдар бақытты артынан өшпес із , ұрпағына мұра қалдыру деп есептейді. Мен өз ойымды айтар болсам, бақыт – бұл Алла Тағаланың ризалығын алу, мәңгілік өмірге жүрек тыныштығымен қадам басу, осы өмірде өзіңмен және ішкі жандүниеңмен үйлесімділікте болу, өмірде өз орнын табу. Адам баласының ішкі жандүниесі гармонияда болса, өзін-өзі толыққанды түсіне алса ,тани білсе, өмірдегі басты миссиясын біле алса, онда ол адамның денсаулығы да, жақындарымен қарым-қатынасы да, жалпы өмірдің барлық есігі ашық болады деп өз ойымды негіздей аламын. Өйткені, адамның денсаулығымен де, қоршаған ортасымен де болатын проблемалар адамның жан тыныштығына тікелей байланысты және бүкіл проблемалардың бастамасы дәл осы ішкі дүниенің дұрыс болмауында. Одан бөлек, адамның тек осы дүниеде ғана бақытты болып, күліп-ойнап кетуі жеткілікті деп ойламаймын. Себебі, біз мұсылман болғандықтан, бұл бес күндік дүниенің уақытша және жалған екенін білеміз. Біз бұл өмірге неге лайықты екенімізді көрсету үшін, дәлелдеу үшін келгенімізді ұмытпауымыз керек. Әрбір жасаған іс-әрекетіміз үшін, әрбір айтқан сөзіміз үшін өзіміз жауаптымыз. Алланың ризалығына бөлену бұл әр мұсылман үшін шынайы бақыт деп түсінемін. Себебі, Жаратушының ризалығы ата – ананың да ризышылығы, өміріңді дұрыс сүргеніңнің дәлелі деген ойдамын.
...