Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бақыт және оған жетудің жолдары

Автор:   •  Октябрь 14, 2021  •  Реферат  •  818 Слов (4 Страниц)  •  272 Просмотры

Страница 1 из 4

Бақыт және оған жетудің жолдары

«Әбден жетілген адамдардың ғана жандары мәңгі өлмейді».

Әбу Насыр Әл- Фараби

Бақыт. Осы бір бес әріптен тұратын қарапайым сөздің қадіріне жетіп, байыбына бара бермейміз. Оны сөздік қорымызда жиі қолдансақ та мәнін әлі де түсінбейтін секілдіміз. Әртүрлі адамдар- әртүрлі көзқарас. Бірде достарыммен бақыт жайлы әңгіме айтып тұрған едік. Кішкентайынан әкесіз өскен құрбым «Бақыт- жақындарыңның жаныңда болуы ғой» дейді. Ал бір құрбым «денің сау болса, бақытты өмірді өзің жасай аласың» деп қалды. Оның бұрын қатерлі ісікпен ауырғаны есіме сап ете қалған мен бұл жердегі шағын әңгімеден мынадай ой түйіп қалдым: «Кім неге мұқтаж болса- соны бақыт деп ойлайды. Оны соншалықты аңсамаса, жетуге талпынбаса, ол бақыт болушы ма еді?». Дәл осы ойдан кейін бақыт туралы санамда сабылысып жатқан сан сұраққа жауап іздеуге тырысып, әлеуметтік желіні ақтарған едім. Көзіме алғаш шалынған «бақыт» терминін тереңдетіп зерттеп, философиялық талдау жасаған әлемнің екінші ұстазы Әл- Фарабидің еңбегі болды.

Ғұлама еңбектерін оқып отырып қазіргі қоғамдағы адамдардың бақыт туралы ойын лезде еске түсірдім. Бірі- бақыт балада десе, енді бірі- байлықтан іздейді. Ойшыл Әл-Фараби бұл екіұштылыққа былайша пікір қалдырыпты. «Кейбіреулер ләззат алуды ең жоғары бақыт деп, есептейді. Енді біреулер байлықты бақыт деп, санайды. Үшінші біреулер бақытты сол екеуінің ұштасуы деп біледі» дейді де, «Шын бақыттың бұл өмірде болуы мүмкін емес, осы өмірден соң келетін басқа өмірде ғана болады, ал бұл айтып отырғанымыз - о дүние. Қиялдағы бақытқа келсек - бұл мысалы, байлық, дәреже, рахат - бұлардың барлығы да осы өмірдегі мақсат» деп тамамдайды.

Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мән- мағынасы, ең жоғарғы шыңы болып саналатын бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады» деген пікірі маған бақыттың адамдықта, жүректің тазалығында болатындығын ұқтырып, осы тақырып туралы ойымды ұлғайтып, таным көкжиегімді кеңейтті. Мұнан соң, менің ойымда «Бақытты адамның сипты және оған жетуде не нәрсеге мән берген жөн?» деген заңды сауал туындады. Мұның жауабын ғұламаның сан ғасырлар бұрын жазып кеткен трактаттары мен еңбектерінен тапқаным- ғалымның сол замандағы ой- пікірінің әлі де өзекті екендігін аңғартты.

Әл- Фараби «Бақыт туралы кітабында» адамның бақытқа жету жолындағы күресінде үш түрлі жағдайды басынан өткеретіндігін айтып кеткен екен. Олар: «1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды». Иә, расында, бірінші, екінші жағдайдың бақытқа жету жолындағы, бақытты сезінудегі орны айтпаса да түсінікті. Қадір Мырза Әлидің «Үлгермейміз түсініп те, байқап та         

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (87.8 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club