Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бақыт деген не?

Автор:   •  Октябрь 1, 2021  •  Эссе  •  1,082 Слов (5 Страниц)  •  847 Просмотры

Страница 1 из 5

                                Бақыт деген не?

                                                                                «Бақытты болу үшін адамдар мен                                        нәрселерге емес, мақсатқа          тәуелді                                 болуымыз керек»                                                        А.Эйнштейн

        Бақыт дегенді әркім әрқалай түсінеді. Біреу үшін бақыт ол ақша, ал біреу үшін денсаулық пен махаббат. Ал кейбіреулер үшін бұл тыныш, алаңсыз өмір болса, енді біреулер үшін шым-шытырық оқиғалар тізбегі секілді.Бақытты сипаттау мүмкін емес, себебі бұл адамның көрген, алған немесе өз қолымен жасағандағы ішкі жан-күйі. Сонымен бақыт деген не?    Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында.                                                                            Бақыт деген не? Бақыттың бар мәні неде жатыр? Көпшіліктің ұйғарымында шынайы бақыт деген – өз арман – тілектерінің ақиқат өмірде жүзеге асуы. Ал бұл солай ма? Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен, бақыт деген – адамгершілігі мол адамдарда өмір сүретін жан.  Аристотель заманында шынайы бақыт қуанышының  иелері саналғанға ұқсайды.           Бүгінгі таңда  «Бақыт» сөзі қалай түсіндіріледі? Мүмкін, бұл өмірге, мына жарық дүниеге адам болып келгеніміздің өзі үлкен бақыт болар. Олай болса мен бақытсызбын деп, баз кешіп жүргендерді қалай түсінуге болады? Мүмкін, байлық болар бақыт деген, олай болса сол байлықты көтере алмай қаңғып кеткендерді қайтеміз. Бақыттың мәні – ақшада дейтіндер де бар емес пе? Олар қателеседі. Егер бақыттың мәні ақша болса және бәрін ақшаға сатып алуға болатын  болса, онда денсаулық ше, достық ше, сыйластық пен махаббат ше? Ал ананың балаға деген махаббатын сатып алғандар бар ма? Жоқ! Демек ақшаға сатып ала алмайтын дүниелер де бар. Яғни оның бәрі уақытша…  Махаббат па десем,  Мәжнүнді қайтем сүйгеніне жете алмай қайғыдан қан құсқан. Өнер ме десем, Ақан серіні, Біржан салды қайтем өмірінің аяғы құсалықпен өткен. Сонда бақыт деген не? Мен үшін бақыт деген бауыр еттерін кесіп беруге дайын туғандарым. Нағыз бақыт – отбасының аясында болуы керек. Дос – жарандарым да қиын сәттерде әрдайым қасымнан табылады. Негізі бақытты әркім әрқалай түсінеді. Көп адамдарға өзінде жоқ нәрсе бақыт боп көрінеді, қолда барда қадірлемейді. Адам ешқашанда қанағаттанбайды және тоймайды. Дана халқымыздың сөзі бар ғой:    «Бақыт қолға қонған құс,                                                         Байлық – қолға ұстаған мұз,                                                            Құс ұшып кетеді, мұз еріп кетеді».                                                                 Өзімізге «Бақытты болу үшін не қажет?» деген сұрақ қойып көрейік. Сірә,  бәрі бақытты болуды армандайтын шығар. Алайда, оның мәнін түсінбей ешкім бақытты болмас. Өзгені бақытты ету арқылы өзің де сол сезімге бөленесің. Ауырып сырқап жүрген адамға бақыт бұл – дені сау болу, қарны аш адамға – тамақ , үй-күйсіз жанға – баспана, жалғыздықта өскен адамға – жақын туыстары шығар. Дүниенің қызығы – сіз бен біз дейді ғой. Сондықтан байлықтың соңынан қумауымыз керек. Ал бақыт ол өзі-ақ келеді. Барға қанағат,ж оққа сабыр етіп, қолда бар алтынның қадірін білейік. Әрбір адам бақытты болуға лайықты және ол өз қолында!                                                               Мен үшін  бақыт  бұл сұрапыл соғыссыз өмір. Себебі, өткен ғасырларға үңілсек, тек соғыспен өткендей. Ал оның ешкімге  зияны  тимесе, пайдасы тимеген болар. Көптеген адамдардың тағдырын тәлкек етті, бейкүнә балаларды балалық шағынан айырды, аналарымызды зар қақсатты. Біз өткен ғасырлармен салыстырғанда анағұрлым бақыттымыз. Бұның бәріне себеп  - тәуелсіздік болар. Егемен ел болғалы көптеген жетістіктерге жеттік.   Сондықтан да біз қуануымыз керек. Тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыздың өзі бір бақыт емес пе? Қазақ атамыз айтқан «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» - сол бейбіт өмір емес пе?

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (59.7 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club