Проблемалық оқыту және оның ерекшеліктері
Автор: Moon_Ara • Сентябрь 28, 2021 • Курсовая работа • 6,343 Слов (26 Страниц) • 1,101 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
Жоғары колледжі
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Педагогика»
Тақырыбы: «Проблемалық оқыту және оның ерекшеліктері»
Орындаған: Нарекова А.С
Тобы:ШМ-405
Жетекшісі: Ауезханова Н.Е
Ақтөбе 2021 ж
Мазмұны:
КІРІСПЕ...........................................................................................................3-4
І ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ.................................5
1.1. Оқытудың жаңа технологиясы түрлері......................................................5-8
1.2. Проблемалық оқыту туралы ұғым............................................................9-10
ІІ ТАРАУ.ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ.........................11
2.1.Проблемалық оқытудың теориялық негіздері мен негізгі ерекшеліктері...................................................................................................11-14
2.2.Проблемалық оқыту технологиясын сабақта қолдану.........................15-22
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................24
КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
...