Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқыту әдістері мен технологиялары

Автор:   •  Декабрь 9, 2022  •  Лекция  •  4,332 Слов (18 Страниц)  •  192 Просмотры

Страница 1 из 18

Дәріс №14 (11) Оқыту әдістері мен технологиялары

(Курсабаев М.К, Сайдахметов Б.С)

 

14.1. Оқыту әдістері (методикасы)

     1. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері туралы жалпы түсінік.

     2. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық технологиялық аспектілері және дидактикадағы оқыту әдістерін жіктеу.    

     3. Оқытудың белсенді әдістері.

     4. Сабақта оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздері.

        Ұсынылатын әдебиеттер:

     1.Педагогика /Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университеті, Педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2008.

     2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 2003.

     3. Таубаева Ш,  Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. Педагогика. Оқулық.  - Алматы: «ОНОН». 2017. – 340 б.

     4. https://kerchtt.ru/kk/biologicheskie-i-socialnye-faktory-razvitiya-lichnosti-faktory/

     5. https://stom.tilimen.org/jeke-tlfani-damui.html

     6. Tapscott, D (1998). Growing Up Digital: The Rise of the Net Generation. New York: McGraw-Hill.

     7. Gee, J (2003). What Video Games Have to Teach Us About Learning and Literacy. New York: Palgrave Macmillan.

     8. Johnson, S (2001). Emergence: The Connected Lives of Ants, Brains,

     9. Nilles, J. "Some Historical Thoughts on the ee-Learning Renaissance". Innovate. Innovate Online. Archived from the original on 2007-10-13. Retrieved 2007-09-19.

     10. Thinking on your feet‘– the PRES formula. https://www.studocu.com/en-za/document/university-of-fort-hare/introduction-to-law/pres-formula-example-for-assesment/15856630 

     11. Есекеева А.А. Оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың ерекшеліктері. А: ҚазҰУ Хабаршысы. – 2012

     12. Основные принципы интерактивных методов обучения. https://sberuniversity.ru/edutech-club/glossary/9 %20 (collaborative%20learning)

     13. Пометун О  И. Интерактивные технологии обучения: Науч.-метод. пособие. /О. И. Пометун, Л.Л. В. Пироженко. — М.: А.С.К., 2004. — 192 с.

     1.Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері туралы жалпы түсінік. Ғаламдық ғылыми-педагогикалық ақпарат көздерінде жасаған талдауымыз оқыту методикасы – ұстаз бен шәкірт арасындағы оқу мазмұнына сай жоспар, білік, дағды нәтижелері негізінде берілетін және қабылданатын нақты білім беру арнасы деп тұжырымдауға мүмкіндік берді.

     Ұзақ жылдар тізбегінде сараланып, толықтырылып, жүйеленіп қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық тәжірибелер оқыту методикасының үш бағытын (оқыту әрекетін ұйымдастыру, оқыту сапасын бақылау һәм бағалау, оқу бағдарламаларын кешенді игерудің жолдарын таңдау) айқындады [Диаграмма-1].

      Оқыту әрекетін ұйымдастыру методикасы тіл коммуникациясы мен сөйлеу, көрнекілік құралдарды пайдалану және практикалық іс-шаралар негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ оған зерттеушілік, индуктивтік, дедуктивтік, иллюстрациялық, түсіндірмелік т.б нысандағы оқу мазмұнын қабылдаудың логикалық тәсілдері  кіреді.

     Оқыту сапасын бақылау һәм бағалау методикасы оқу барысының эффективті бағытта өрбуіне ұйытқы болатын: білімді игерудің нәтижелерін, білік, дағды һәм ауызша-жазбаша материалдарды игіліктенудің сапасын бақылау мен бағалаудың құрылымдарынан тұрады.

     Оқу бағдарламаларын кешенді игерудің жолдарын таңдау методикасы жауапкершілік пен мотивациялық құндылықтырдан тұратын білімді игеруге деген ұмтылыстар мен міндеттемелер жиынтығы болып табылады.

     

                [pic 1]

           

                                  Диаграмма-1. Оқыту методикасының үш бағыты

     Ендігі арада, оқытудың әдістемелік тәсілдері атты мәселеге келетін болсақ, ол жоғарыда айтқан үштағандық қағида (ұйымдастыру, бағалау, игеру) негізінде білімді беруші мен оны қабылдаушы арасындағы мақсатты һәм мазмұнды байланыс жүйесі деп тұжырымдаймыз. Бүгінде оқыту методикасы білімді игеру барысында пайда болған көптеген жолдарды таңдауға мүмкіндік ашты.  Оларға: эвристикалық, пассивті, активті, интерактивті, мультимедиалық, проблемалық, геймификациялық, репродуктивті және басқа түрлерін жатқызуға болады.

...

Скачать:   txt (56.4 Kb)   pdf (273 Kb)   docx (78.1 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club