Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары

Автор:   •  Март 18, 2020  •  Курсовая работа  •  11,695 Слов (47 Страниц)  •  552 Просмотры

Страница 1 из 47

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономикадағы қаржылық жоcпарлаудың ерекшеліктерін анықтау. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдарын қарастыру.

        Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі болжау мен жоспарлау болып табылады, яғни олардың экономиканы басқаруда рөлі жоғары. 90- жылдардың басында мамандар Экономиканы жорпарлаудың керегі жок, оның дамуын нарықтың өзі -ақ реттейді- деген қате пікір айтты. Енді одан 5-6 жыл өткеннен кейін халық шаруашылығы саларының даму барысын стратегиялық жағынан да болжау жоспарлау керек екендігін өмір дәлелдеп берді. 1997 жылы Қазакстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды. Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында экономика министрлігіне, кейін Экономика жоспарлау агенттігіне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында кол койылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы Жарлығына сәйкес жоғарында аталған функцияны қайта құрылған экономика және сауда министрлігі атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралады, яғни жоспар дегеніміз- алдыға белгілі бір максат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу, ал жоспарлау- экономиканың объективті зандары мен зандылықтарын зерттеп түcіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты- экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

1) коғамның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

2) жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;

3) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми- техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

4) жекеленген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын анықтау т.с.с. Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық зандарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешендік жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады. Ал, индикативтік жоспарға келсек, оның мынадай түрлері бар: стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық жоспарлар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы Казақстан халқына жолдауында жарияланған Қазақстан – 2030 жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлттық экономика дамуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін жүзеге асыруды көздейді.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Каржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кіpістерді еcірудің; шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және ортальқтандырылмаған қорлар aрасында қаражаттарды бөлуде онтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

 Курстық жұмыс кіpiспеден, үш тараудан, корытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1.  ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ МӘНІ, ӘДІСТЕРІ, ЖҮЙЕСІ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ

 1.1  Қаржылық жоспарлаудың  мәні, әдістері мен қағидаттары

Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.        

...

Скачать:   txt (171.7 Kb)   pdf (882.3 Kb)   docx (494.1 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club